Әзиз Бейшеналиев «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысты пікірін білдірді
Қазақстандық «ЭКСПО-2017» павильоны мен Лувра пирамидасының қандай байланысы бар? Әзиз Бейшеналиев Астанада өтіп жатқан көрмеге қатысты өз пікірін білдірді. Актёр «ЭКСПО-2017» көрмесі өткеннен кейін ғимараттардың қандай мақсатта пайдаланатынын басты мәселе ретінде қарастырды.
«Мен «ЭКСПО-ға» бармадым, сондықтан көрмеге қатысты өзіндік пікірім қалыптасты дей алмаймын. Шығындардың орны толады деп ойлаймын. Негізі, бұл коммерциялық табысқа жетелейтін жоба емес екендігін ескеру керек. Көрме беделдік мақсатта өткізіліп отыр.

Сурет: Илья Назаренко
Біз, елдерді, халықты және мемлекетті бөлеміз. Мемлекетке бұл қажет те шығар. Ал халыққа келер болсақ, көрме біреуіне ұнаса, енді бірінің көңілінен шықпай жатады. Бұл елімізге қажет пе? «Ақшаны босқа құртты» деген секілді ашулар тарқайды, «Еліміз өзін жақсы жағынан көрсете білді әрі үмітіміз ақталды» деген сынды қуаныш та, барлығы өтеді. Сонда не қалады? Астанада «ЭКСПО-ға» арнап салынған құрылыстар қалады. Ендігі басты сұрақ, көрме өткен соң бұл ғимараттар қандай мақсатта пайдаланбақ?
Мүмкін, бұл бастапқыда адамдардың көзіне күйік болып, сынауға ұшыраған, бірақ бірнеше уақыттан соң Париждың ажырамас бөлігіне айналған Лувр пирамидасы секілді болар. Не болмаса, жарқырап тұрған алюминий шары Астананың визиттік картасының біріне айналуы да мүмкін. Бұл сұрақтарға 7-10 жылдан кейін жауап беруге болатын шығар, ал әзірге қандай да бір қорытынды шығару ертерек»,-деп бөлісті Әзиз Бейшеналиев.
Айдана Жанәділова






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін