«ЭКСПО-2017» көрмесінде кәсіби емес кинофестивалі өтеді
Алғаш рет халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесі аясында кәсіби емес жастар кинофестивалі өтеді. Кинофестивальдің ашылуына «ЭКСПО-ның» «Dream Team» еріктілер тобы түрткі болды. Топ құрамында 106 жастар мен 7 тәрбиеші жұмыс істейді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, кәсіби емес қысқаметражды кинофестивалі тек еріктілер тобының ғана емес, барлық қазақстандықтардың арасында өтеді. Өтініштерді қабылдау мамыр айының аяғында басталмақ. Бірінші кезеңде үздік 10 жұмыс таңдалып алынады, ал тамыз айында үздік 3 кинокартина белгілі болады. Жеңімпаздарды құттықтау «ЭКСПО-2017» көрмесінің аймағында өтеді.
«Dream Team» тобы жарты жылдан астам фильмдердің идеяларын ойлап табумен, сценарий жазумен және еріктілер арасынан актерларды таңдаумен айналысқан. Барлық жұмыс өзге де еріктілер мен қазақстандықтардың жеке киноларын түсіруге шабыттандыру үшін атқарылған. Кинофестивальдің мақсаты – кәсіби маман болмай-ақ сапалы кино түсіруге болатынын дәлелдеп, көрсету.
«Dream Team» тобы фестивальді жыл сайын өткізіп тұруды жоспарлап отыр.
Қазіргі таңда болашақ кинофестивальдің сайты жасалып жатыр, сол сайт арқылы қатысуға өтініш білдіруге болады.
{{begin_gallery}}
{{end_gallery}}
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін