È

Азиз Жамбакиев «Кровь» фильмімен жұмыс істеуде

Азиз Жамбакиев «Кровь» фильмімен жұмыс істеуде

Қазақстандық қоюшы-оператор Азиз Жамбакиев («Уроки гармонии», «Метаморфозис», «Чёрная курица») «Кровь» деп аталатын ресейлік толықмет ражды фильммен жұмыс істеуде. Фильмнің режиссеры – Артем Темников («No comment»). Лентаның бас продюсері – Евгений Миронов («Синдром Петрушки»).

Кинолентаның түсірілімі Мәскеуде, Тула облысында, Түркияда және қырымда өтуде. Түсірілім уақыты екі кезеңге бөлінген – қыс және көктем.

Өзінің «Кровь» киножобасына қатысатыны туралы Азиз Жамбакиев баяндап берді:

«Бұл мен үшін өте маңызды картина, мен мұнда үйреншікті стилімнен аздап ауытқып, өзімді жаңа қырымнан ашуға тырысамын, Сондықтан да болар қатты уайымдап, толқып жүрмін. Мені және менің командамды жаңа тапсырмалар, жаңа эстетика, жаңа әлем күтіп тұр. Осы әлемді маған аша бастаған режиссер Артем Темников. Менің жаңа шығармашылық кезеңім осы картинамен байланысты болғанына қуаныштымын. фильм мәңгілік адами шындыққа негізделген».

Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылдың күзінде оператор Вадим Перельманның «Купи меня» картинасымен жұмыс істеді. Өткен жылдың қазан айында Пусандағы XXI Халықаралық кинофестивальда Жамбакиевтің «Мотылек» қысқаметражды фильмінің тұсаукесері өтті.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер