È

«Қошқарлар»: Сэм Нил комедиялық драманың ағылшын тілді нұсқасында басты рөлді сомдайды

«Қошқарлар»: Сэм Нил комедиялық драманың ағылшын тілді нұсқасында басты рөлді сомдайды

Сэм Нил («Жолаушы», «Тәтті өлке») «Қошқарлар» комедиялық драмасының ағылшын тілдік нұсқасында басты рөлді сомдайды. 2015 жылы исландық режиссер Гримур Хаконарсонның аттас түпнұсқа фильмі Каннда жеңімпаз атанып, «Ерекше көзқарас» байқау бағдарламасында Алтын пальма бұтағын иеленген.

Нилдың жоба бойынша серіктесі Майкл Кейтон («Жануар», «Рафтерстерге қонаққа» хикаясы) болмақ. Актерлар көрші фермада бөлек тұратын, бір-бірімен ондаған жылдар бойы сөйлеспеген ағайындылардың рөлін сомдайды. Шаруашылықтарына ауылшаруашылық дағдарыс әсер етіп, қошқарлары мен қойлары сирек кездесетін ауру салдарынан өле бастағанда, екеуі серіктестік орнатуға мәжбүр болады.

Аустралиялық режиссер және актер Джереми Симс («Дарвин — соңғы бекет», «60 белестен төмен») жасыл құрлықтың оңтүстік-батысында «Қошқарлардың» түсірілімімен айналысады. Симс «балалық шағы өткен тамаша мекенде қарапайым оқиғаның түсірілімін өткізетініне бақытты» екенін мәлімдеді.

«Қошқарлар» - туыстық қатынастағы отбасы туралы, туған жері мен тұрғындарына деген махаббат жайлы хикая. Батыс Аустралия мен үшін ерекше сұлулығы бар үлкен мекен болып табылады. Көрермендер, осының барлығын үлкен экраннан көруі тиіс», - деді Симс ресми мәлімдемесінде.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Тимур Жақсылықов

Сценарист