È

Баян Алагөзова: «Көптеген жас ханымдарға қарағанда, менің белім жіңішкелеу»

Баян Алагөзова: «Көптеген жас ханымдарға қарағанда, менің белім жіңішкелеу»

44 жасар Баян Алагөзова кез-келген жас қыздан асып түсе алады. Продюсердің физикалық формасы ғана керемет емес, ол сондай-ақ балғын әрі сұлу көрінеді. Көптеген отандасымыз әйелдің пластикалық хирургке жүгінгенін айтып жатады. Алайда, Баян мұны жоққа шығарып, сұлулығының басты құпиясы күнделікті күтімде екеніне сендіріп отыр.

«Маған «сіз пластика жасаттыңыз ба?» деген сұрақ жиі қойылады. Жауабым: ненің пластикасы? Бетім өзіме ұнайды, тек өкінішке қарай, екі жыл бұрын болған оқиға салдарынан оны біраз түзетуге тура келді, қазір мұрныма пластика жасау керек, бірақ бұрынғы түрімді қайтару үшін біраз нәрсені жөндеуге тура келеді, қазір мен аздап өзгешелеумін, себебі, бір нәрсе жасағандықтан емес, жасамағаныма күйінемін. Сондықтан, «сіз басқасыз, табиғи емессіз және т.б.» деген сияқты пікірлер орынсыз, өкінішке қарай, бізде тәрбиесіз адамдар көп, менің басымнан өткенді Құдай бастарыңызға бермесін. Ернімді үлкейткен жоқпын, түгел пластика жасатпадым, филлер қоймадым, қабағымды кестірген жоқпын, ботекс салғызбадым, тағы не бар еді?», - деп жазды Баян Алагөзова Инстаграм парақшасына.

Продюсердің айтуынша, ол өзіне күніне екі рет жүйелі түрде күтім жасайды. Сонымен қатар, әр апта косметологқа барып, массаж курсын алады. Ең бастысы, Баян айтқандай, ерінбей, өзіңе уақыт таба білу керек.

«Өзіммен мақтанамын, себебі 44 жасымда жиырма жасар қызбен қатар тұрып, өзімді ыңғайсыз сезінбеймін, өйткені менің белім көптеген жас қыздарға қарағанда жіңішкерек. Неге дейсіздер ме? Себебі, мен өзімді, мамандығымды және маған анасына ғана емес, әйел ретінде қарайтын балаларымды сыйлаймын. Оқырмандарыма айтарым, менен кемшілік іздемеңіздер, олар менікі және басқалардан гөрі оларды мен жақсы білемін, мен табиғатымнан эстетпін. Әдемінің барлығын жақсы көремін, өйткені өзім де сұлулыққа ұмтыламын, оның ішінде тек сыртық әдемілікке ғана емес», - деп қоса кетті Баян Мақсатқызы.

 

Самый часто задаваемый вопрос «делали вы пластику?» ответ: пластику чего? Меня более, чем устраивает моё лицо, к сожалению его немного подкорректировала ситуация двухлетней давности, и мне только предстоит сделать пластику носа и не только, чтобы вернуть прежний вид, сейчас я немного другая, и вовсе не потому, что сделала что-то, а потому, что как раз ещё не сделала, и меня это огорчает. Поэтому комментарии в стиле «вы другая, не такая, не естественная и тд» более, чем не корректны, к сожалению людей не воспитанных у нас хватает, и не дай вам Бог перенести то, что пережила я. Губы не надувала, круговую пластику не делала, филлеры не вставляла, веки не отрезала, ботекс не колола, что ещё? Ухаживаю за собой системно, два раза в день, каждую неделю посещаю косметолога - массаж и маски, как собственно и дома, времени на это не жалею, поэтому ничего не висит, а кожа сияет. Горжусь собой, что в 44 могу стоять рядом с двадцатилетней и не испытывать дискомфорт, потому, что талия плюсом тоньше, чем у многих юных леди. Почему? Потому, что уважаю себя, свою профессию, и своих детей, которые смотрят на меня, не только как на мать, но и как женщину. Хочу сказать всем своим подписчицам, не ищите во мне недостатков, они мои и я сама, как никто другой за них в курсе, я по природе эстет. Люблю все красивое, потому сама стремлюсь к красоте, и не только внешней.

Публикация от Bayan Maxatkyzy Alaguzova (@bayanmaxatkyzy)

 

Превью: Баян Алагөзованың жеке Instagram парақшасынан

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Дастен Шәкіров

Актер