È

Баян Алагөзова режиссер Талғат Теменовтың айыптауына қарсы жауап берді

Баян Алагөзова режиссер Талғат Теменовтың айыптауына қарсы жауап берді

Жақында актриса әрі продюсер Баян Алагөзова плагиаттығы үшін айыпталды. «Махаббат бекеті» (1993) фильмінің режиссері Талғат Теменов продюсер «Тағдыр бекеті» картинасын түсіріп, авторлық құқығын бұзды деп айыптады. Баян Мақсатқызы тыс қалмай, айыптауына қарсы жауап берді.

Продюсердің айтуынша, «Махаббат бекеті» картинасының құқығы ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне тиесілі екен, ол продюсерге «Тағдыр бекеті» жаңа фильмінде 1993 жылғы көріністер мен музыканы пайдалануға ресми түрде рұқсат берген.

«Құрметті Талғат Досымғалиұлы, мені ұрлықшы деп айыптап, көпшілік алдында маған кінә таққыңыз келген екен, сізге жауап қайтарудан басқа амалым қалмады. Біріншіден, өзіңіз 25 жыл бұрын сценарий авторы ретіндегі құқығыңызды беріп қойғансыз. «Махаббат бекеті» фильмі мемлекеттік бюджетке түсірілді, сіз төлемақыңызды алдыңыз, сіздің ешқандай да қарсылығыңыз болмауы керек, себебі картина қазір ҚР Мәдениет министрлігіне тиесілі, солардың ресми рұқсатымен мен түсірілімге кірістім», - деп түсіндіре кетті продюсер Инстаграмдағы жеке парақшасы арқылы.

 

Уважаемый Талгат Досымгалиевич, раз уж вы выбрали публичное обращение в мой адрес, обвиняя меня в воровстве, мне ничего не остаётся, как ответить вам тем же. Во первых вы сами 25 лет назад передали все свои права, в том числе как автора сценария. Фильм «Станция любви» был снят за гос бюджет, вы получили свой гонорар и претензий у вас быть не может, соответственно ныне картина принадлежит Министерству Культуры РК, с чьего официального разрешения я и приступила к съёмочному процессу. И чтобы вам было ещё понятнее, фильм называется «Станция судьбы» и это совсем другой сценарий, и другая история, не написанная вами, и к вам отношения не имеющая. Я имею право снимать фильм под другим названием, и приглашать актёров каких считаю нужным. Впредь, прежде, чем делать заявления такого характера, будьте осторожны, публично обвиняя меня в воровстве, я могу обратится в надлежащие органы и призвать вас к ответу. И лгать о том, что вы не были предупреждены, не надо, это вы хотите заработать, так как требовали с меня 50.000 долларов, на что имеются свидетели, я бы промолчала о данном факте, если бы не ваши обвинения. Простите, но я не снимаю картину на гос деньги, и не могу раскидываться вашими аппетитами. Вы можете жаловаться куда угодно, и как вам угодно, делайте это по мужски, тихо и интеллигентно желательно. Официально, я получила все разрешительные документы, в том числе и автора музыки Толегена Мухамеджанова.

Публикация от Bayan Maxatkyzy Alaguzova (@bayanmaxatkyzy)

Баян Мақсатқызы «Тағдыр бекетінің» ерекше сценарийге ие екенін, «Махаббат бекетіне» еш қатысы жоқтығын айта кетті. Сондай-ақ, ол бұрын қоюшы Талғат Теменовтың өзінен 50 мың доллар көлемінде сыйақы сұрағанын да жасырмады.

«Бұдан былай, мұндай мәлімдеме жасамас бұрын абай болыңыз, халық алдында мені ұрлықшы деп айыптағаныңыз үшін қажетті орындарға жүгініп, сізді жауапкершілікке тартуыма болады. Ескертілмегеніңізді алға тартып, алдаудың қажеті жоқ, сіз ақша тапқыңыз келіп отыр ғой, өйткені менен 50 000 доллар талап еткенсіз, менің куәгерлерім де бар, айыптауыңыз болмаса, бұл туралы тіс жармайтын едім. Кешіріңіз, бірақ мен картинаны мемлекеттік ақшаға түсіріп жатқан жоқпын, араныңызды толтыру үшін ақшаны оңды-солды шаша алмаймын. Қайда барсаңыз, онда барыңыз, бірақ барлығын еркектерше, тыныш әрі зиялы қауым секілді жасаңыз. Ресми түрде, мен барлық рұқсат етілген қағаздарды алдым, оның ішінде музыка авторы Төлеген Мұхамеджановтың да рұқсаты бар», - деп қосты продюсер.

Еске салсақ, «Тағдыр бекеті» фильмінің түсірілімі осы жылдың шілдесінде өткен болатын. Таспа Алматы облысында орналасқан Сарыөзек ауылында түсірілді.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер