È

Баян Алагөзова «Тағдыр бекеті» фильмінің түсірілімін бастады

Баян Алагөзова «Тағдыр бекеті» фильмінің түсірілімін бастады

Алматыда «Тағдыр бекеті» толықметражды фильмінің түсірілімі басталды. Картинаның бас продюсері әрі рөлдердің бірін сомдаушы – Баян Алагөзова. Таспа режиссері Shine production компаниясымен бірге «Сиситай» мюзиклін жарыққа шығарған Ернар Нұрғалиев болды.

Мелодраманың алғашқы түсірілім күні теміржолда өтті, топ әдеттегідей дәстүр бойынша тәрелке сындырды.

«Барлығы орнымен болсыншы. Қазір, біз жәй ғана жолда тұрған жоқпыз. Бұл шексіз, ұзақ жол. Сондықтан, фильмнің де тағдыры солай болса екен. Көпшілігімен алғаш рет жұмыс істеп отырған жоқпыз. Басты кейіпкерлерімізді қуана қарсы алайық. Біз сіздерге үлкен үміт артып отырмыз», - деді Баян Алагөзова.

Фильмдегі басты рөлдерді жас актерлар Асқар Ілиясов және Әйгерім Мақсұтова сомдайды.

«Тағдыр бекеті» Талғат Теменовтың «Махаббат бекеті» мелодрамасының жалғасы болады деп күтілуде. Дәл осы картинада Баян Мақсатқызының актерлік дебюті болған еді.

 

Любовь ❤ #станциясудьбы

Публикация от Bayan Maxatkyzy Alaguzova (@bayanmaxatkyzy)

 

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Санұржан Сүлейменов

Актер

Жанель Әлікова

Актриса

Берік Арықбаев

Актер

Ақылжан Мақашев

Актер