È

Баян Алагөзова «Махаббат бекеті» фильмінің жалғасына түседі

Баян Алагөзова «Махаббат бекеті» фильмінің жалғасына түседі

Баян Алагөзова 1993 жылы жарыққа шыққан «Махаббат бекеті» фильмінің жалғасындағы рөліне дайындалуда. Продюсер өзінің жаңа образы мен алдағы түсірілім жайлы #тағдырбекеті хэштегі арқылы Instagram-ға жазба салды.

«Маған актерлік қызмет аса ұнамайды, бірақ бұл жолы менің орнымды ешкім баса алмайтын боп тұр. Рөлге дайындалудамын, енді өзгеше #тағдырбекеті боламын», - деп жазды Алагөзова.

Осылайша, продюсер Талғат Теменовтың «Махаббат бекеті» мелодрамасындағы дебютті рөліне сілтеме жасады. Фильмде 19 жасар Баян басты кейіпкер Гүлназды сомдады, ол қызға сыныптастары Орал мен Жеңіс ғашық болатын. Бірақ, бойжеткеннің жүрегі сотқар Оралға тиесілі, кейін Орал аяқ астынан қаладан кетіп қалады. Махаббат хикаясының соңы түрлі қызықтарға толы.

Еске салсақ, бұрын Баян Мақсатқызы қазақстандықтарға «Махаббат бекеті» таспасының жалғасы болатынын бірнеше рет айтқан.

Таспа режиссерінің кім болатыны, қандай актерлардың қатысатыны әзірге белгісіз. Алайда, жобаны продюсерлеумен және өндірумен Баян Алагөзованың Shine production компаниясымен бірге айналысатыны анық.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер