È

Баян Алагөзова жаңа фильмге кастинг жариялады

Баян Алагөзова жаңа фильмге кастинг жариялады

Продюсер әрі актриса Баян Алагөзова атауы әзірге құпия ұсталып отырған толықметражды фильмнің түсіріліміне дайындалуда. Оның Shine Production компаниясы басты рөлдерге кастинг жариялады.

Шығармашылық топ фильм түсіріліміне жасы 20-25 аралығындағы, бойы 180 см кем емес, сымбатты дене бітімі мен тартымды бет-бейнесі бар жігітті іздеп жатыр. Басты қыздың рөліне 17-ден 23 жасқа дейінгі, 165 см жоғары сүйкімді қыздар шақырылады. Үміткерлердің актерлік қабілеттерінің болуы міндетті. Кастингке қатысқысы келетіндер суреттерін, бейнежазбасы мен өзі туралы мәліметті shine.kasting@gmail.com электронды мекен-жайына жолдауы тиіс.

Айта кету керек, Баян Мақсатқызы Талғат Теменовтың «Махаббат бекеті» фильмінің жалғасын түсіруді армандап жүргенін бірнеше рет айтқан болатын. Продюсер картинада өзіне екі жігітті ғашық еткен Гүлназды сомдаған.

Shine Production компаниясы осы уақытқа дейін «Ғашық жүрек», «Ғашық жүрек 2», «Абайлаңыз, сиыр!» және «Сиситай» фильмдерін, сондай-ақ, «Махаббатым жүрегімде», «Тракторшының махаббаты», «Өгей жүрек», «Қазақ аруы» мен «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу» телехикаяларын түсірген еді.

 

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Мырзахмет

24 мамыр 2018, 02:05

ясно

Таныс бейне

Төлеубек Аралбай

Актер