Баян Есентаева «Махаббат бекеті» фильмінің жалғасы туралы айтып берді
Қазақстандық продюсер және тележүргізуші Баян Есентаева «Махаббат бекеті» мелодрамасының жалғасын түсіруге ниетті, бұл туралы нақтырақ ол Tengrinews порталына берген сұқбатында әңгімелеп берді.
«Картинаның жалғасына продюсерлік еткім келеді. «Қазақфильм» өкілдерімен келіссөздер де жүргіздім, жалғасын түсіруге авторлық құқық алуым керек», - дейді Баян Есентаева.
Талғат Теменовтың «Махаббат бекеті» фильмі тележүргізунің үлкен кинодағы дебютң болғани еді. Картинада ол басты кеййіпкер Гүлназды ойнады, оны екі бірдей жас жігіт ұнататын. Орал - өте шынайы,мейірімді, сезімтал жігіт. Жеңіс - ешқашан ешкімге дес бемейтін тік мінезді жігіт. Алайда Гүлназдың жүрегін Орал жаулап алды. Бірақ олардың жолдары екіге айырылды.
Сұқбатында Баян Есентаева және Тұрсын Алагөзов өздерінің таныстығы жайлы, алдағы жоспарлары туралы да айтып берді.

Олардың ең алғашқы таныстығы «Аналар үйі» жобасына арналған сериалдың жұмыстары кезінде басталған екен. Кәсіпкер продюсерді сериалды түсіруге кеңес алу үшін шақырған екен. Бұл тағдырлы кездесу 2016 жылдың көктемінде болған. Ол кезде екеуінің де заңды некеде жұбайлары бар еді.
Тұрсын Алагөзов ғашықтардың неке қию тойының шамамен мамыр айына белгіленгенін айтты.
Фото: Tengrinews.kz







пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін