È

Баян Алагөзова «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу» хикаясын сынағандарға жауап берді

Баян Алагөзова «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу» хикаясына қатысты айтылған сынға жауап берді

Баян Алагөзова Qazaqstan телеарнасынан көрсетілген «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу» хикаясын сынағандарға жауап берді. Продюсер жеке Instagram парақшасы арқылы түсірілім тобының еңбегінің еш кетуіне жол бермейтінін айтты.

«Өздері асып түсе алмаған соң, еңбегіңді неліктен сынай қалады екен? Біраз күн бойы киноға түк қатысы жоқ адамдардың менің атымды және тобымның еңбегін қаралап отырғандарын үндемей байқап жүрдім. Осы тұста мынаны түсіндіре кеткім келеді, біріншіден, менің компаниям «Баян Сұлу-Қозы Көрпеш» хикаясының өндірісіне 54 миллион теңге алған, яғни бір хикаяға 9 миллион, оның 22 пайызы салыққа кетсе, өндіріске 7 миллион немесе 21 мың доллар қалады. Менің тек кино мамандары ғана түсіне алады, 21 мың долларға қалайша тарихи кино түсіруге болады??? Әрине, бұл мүмкін емес, бірақ біз түсірдік. Егер хикаямызды көрген болсаңыз, 30 қазақ үйді, қойлар мен жылқылар отарын, 200 адамды, костюмдерді, үйретілген жылқыларды, каскадерлік трюктерді байқамау мүмкін емес. Сол 200 адамның барлығы күніне үш мәрте тамақтанады, төлемақыларын алады (барлық түсірілім тобы да), ең бастысы Алматыдан 120 км қашықтықта орналасқан «Ассы» үстіртіне баратын жолы бар, оны ең алдымен бульдозермен жүріп өттік. Әрине, мұның барлығына қаржы жеткен жоқ, сондықтан өз қалтамнан 13 миллион теңге қостым. Жоқ, мен ештеңеге өкінбеймін, керісінше, түсірілім тобымен мақтанамын. Бұл бюджет бойынша делік.

Әрі қарай... Фейсбуктағы ақылшысымақтардың сол ғасырда өмір сүрген қазақтардың қай тілде сөйлегенін қайдан білетіні маған қызық болып тұр. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, эпос біздің заманымызға дейінгі үшінші ғасырға тиесілі. Сіздер көріпкелсіздер ме? Жоқ, сіздер шығармашылықты терең сезінбейтін қарапайым адамсыздар, тек көпшіліктің ғана сөзін сөйлейсіздер!

Эпос кейіпкерлерінің ақындар сөзімен сөйлегенін қайдан білесіздер??? Неге олай ойлайсыздар? Олар шынайы көңілге ие тірі (шынымен болса егер?!) адамдар болды, дәл бүгінгідей қалжыңдаса білді, қайғырды, сүйді және жек көрді...», - деп жазған продюсер жазбасында.

«Қозы Көрпеш - Баян Сұлу» хикаясында басты рөлді сомдағандар. Фото: @ilyahat

Сонымен қатар, Баян Алагөзова хикаяға жанашырлық танытатын көрермендерді жобаны және шығармашылық топты қолдауға шақырды:

«Қымбатты достар, егер қанатымыздың қайырылғанын құптамасаңыздар, әрі қарай да жақсы жобалар шығарып, шығармашылықтың дамуын қаласаңыздар, осы жазбаға лүпіл басып, аты-жөніңізді жаза кетулеріңізді сұраймын. Бір топ адамдар еңбегімізді зая кетірмесе деймін. Шығармашылық тобымызды қолдап, сыншыларға көрерменнің де таңдау құқығы барын білдірсеңіздер екен».

Жазбаға 10 мың адам пікір қалдырған.

Еске салсақ, кикілжің қоғам қайраткерлерінің хикаяны эфирден алып тастауға қатысты жазған ашық хатынан кейін туындаған.

 

Превью: @ilyahat

 

4 пікір

Пікір қалдыру үшін

Даник

15 января 2018, 02:51

Баян Алагөзова ала көзімен қарап тұр))) Ай, Баян-ай, қайтпайды өзі!!!

Жибек

18 января 2018, 14:32

В таком случае не надо было браться снимать исторический фильм, коль заведомо знали о ее несбыточности. Персонажи действительно говорят на современном говоре, с акцентом русскоговорящих казахов.А для чего мы возвращаемся к истокам? Чтобы наша молодежь была знакома с настоящим казахским языком, на котором разговаривали наши предки, а тут этим и не пахнет. Для этого надо читать эпос в оригинале.

Bahut Saparov

20 января 2018, 15:05

ну до чего ты баян т..ая, разговор не о деньгах, а о качестве фильма. посмотрите как сыграли простые дети в менин атым кожа и арман атаман. там режисер был профессионалом. а наши казахи если пригласить будут сниматься бесплатно.

Серик Кошанов

20 января 2018, 16:38

я бы бесплатно снялся в любом фильме, ради имиджа нашей родной страны и нашей истории

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер

Дидар Амантай

Сценарист