«Қозы Көрпеш - Баян Сұлу» хикаясы көрермен наразылығын тудырды
Баян Алагөзованың «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу» хикаясы экранға шығып үлгермей жатып, қоғам наразылығын тудырды. Продюсер мақтаудың орнына, көрерменнің жағымсыз пікірлерін естіді. Телехикая көрсетіліп жатқан Qazaqstan телеарнасының басшылығына бағытталған сынға толы хат Qazaquni.kz сайтында жарияланды.
Айта кету керек, хатқа 200-ден астам адам қол қойған.
Ашық хатқа сәйкес, жас актриса Гүлзада Тұрлаш сомдаған Баянның образы көрермендерге ұнамаған. Біріншіден, сұлулықтың, даналық пен ұяңдықтың символына айналған Баянды ешкім көре алмады.

«Қозы Көрпеш - Баян Сұлу» хикаясынан көрініс
Екіншіден, кейіпкерлердің сөздері кемшілікке толы. Көрермендердің айтуынша, кейіпкерлердің әңгімелері сол заманға (XVI - XVII ғ.ғ.) сай болмаған және актерлардың сөзінен акцент байқалып тұрды (хикая қазақ тілінде түсірілді – ред.) Үшіншіден, картина қазақ халқының дәстүрі мен ұлттық салтына қарама-қайшы келген.
Көрермендер хаттың жауабын ұзақ күткен жоқ. «Қазақстан» РТРК АҚ төрағасы Ерлан Қарин Facebook парақшасы арқылы телеарнаның көрермен мен мамандардың талаптарына сай өнімдерді дайындауға тырысатынын және басшылықтың аутсорсингті компаниялармен серіктестігін қайта қарастырып, хикая қабылдайтын шығармашылық кеңестің жұмысын жаңғыртатынын жеткізді.






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін