È

Баян Алагөзова қазақ қыздарының шетелдіктерге күйеуге шығуына қатысты пікір білдірді

Баян Алагөзова: «Жарты аспан әйелдерге»

Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде қазақ қыздарының қытайлықтарға тұрмысқа шығуына қатысты әңгіме жиілеп кетті. Үйлену тойының шақыру билеттері ғаламторда пайда болса, сол тойды болдырмаудың амалы жасалынып жатыр. Продюсер Баян Алагөзова да тыс қалмай, ұлтаралық некеге қатысты пікірін білдірді.

«Өзге ұлттың жары атануға болмайды. Біздің жігіттердің шешімі осындай екен, олар бірігіп, басқалардың бағдырын шешуге кірісіп кетті. Осыған қатысты таңданысымды жасыра алмадым. Сонда қытайлардан миллиардтаған долларды қарызға алуға, техникаларын қолдануға, қытай мейрамханаларына баруға, киімдерін киюге, мұнай компанияларын басқартуға болады да, қытайды жақсы көріп қалуға болмай ма? Осылай ойлайтындардың махаббаттың не екенін білмейтіндігіне сенімдімін. Менің айтқым келгені, жүрек ұлтты, терінің түсін, ділін, дәстүрлерді таңдамайды, ғашық жан сол адамды бар болмысымен сүйеді. Жаһанданған заманда біреулердің қарым-қатынасына араласу әдепсіздік болып саналады, ал тәрбиелі адамдардың ойына мұндай ой кіріп те шықпайды», - деп жазды Instagram-ына Баян Алагөзова.

Сондай-ақ, продюсер қазақ жігіттерін әйелдерді сыйлауды, құқықтарын қорғауды үйренуге шақырды. Алайда, оның пікірінше Қазақстанда демократия тек еркектерге қатысты ғана жұмыс істейді екен.

«Біз азаматтардың тәуелсіздігі алдыңғы қатарда тұратын демократиялы елде өмір сүреміз деп аттандаймыз. Тәуелсіздік ер азаматтарға ғана тән сияқты, еркектерге бірнеше әйел алуға, кімге үйленгісі келетінін шешуге, балағаттауға, ұруға, басқаруға, бұйрық беруге, тыйым салуға немесе рұқсат беруге болады. Бұл тізімді әлі де жалғастыра аламыз... Мен шынында қорқамын, Құдай сақтасын, ертең менің қызым шетелдік азаматқа ғашық болып қалса, оған қоғамның қатысы қанша? Ал егер ұлтты басқалардан биік қоятын болсақ, онда ең алдымен өзіміз тіс пастасын өндіруді үйренейік, ұшақтар мен көліктер, телефондар жайлы айтпай-ақ қояйын... Қытайлардың «ЖАРТЫ АСПАН ӘЙЕЛДЕРГЕ» деген тамаша сөзі бар», - деп, өз ойын аяқтады Баян Мақсатқызы.

Еске салсақ, продюсер әйелдер құқығын қорғайтын қор ашуды жоспарлап жүр.

 

Превью: Баян Алагөзованың жеке Instagram парақшасынан

 

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Мырзахмет

11 шілде 2018, 21:34

Пусть будет так будет, и каждый останется при своём мнении.

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер

Вадим Шлахтер

Актер

Анастасия Фёдорова

Актриса