È

Баян Мақсатқызы (Есентаева) әйелдер құқығын қорғайтын қор ашпақ

Баян Мақсатқызы (Есентаева) әйелдер құқығын қорғайтын қор ашпақ

Баян Мақсатқызы (Есентаева) «Сиситай» мюзиклінің түсірілімімен қатар әйелдер құқығын қорғайтын қор құрумен белсенді түрде айналысып жатыр. Продюсер өзіне келген барлық әйелдерге көмектесуге дайын. Бұл туралы ол «Ревю» бағдарламасында айтып берді.

«Біз болашақ қордың атын ойластырып қойдық. Ол «Аю тас» деп аталатын болады. Көне түрік тілінен аударғанда «отбасы» деген мағынаны береді. Қазақстанда мұндай ұйымдар жүзге жетерлік. Біз де осы істі зерттедік. Әрине, барлығы жұмыс істеп жатыр. Бірақ, біз қалағандай нәтижеде емес. Маған көмек сұрап келген әрбір әйелге қол ұшын созуға дайынмын»,-дейді Баян Мақсатқызы сұхбатында.

Фото: Vlast.kz

Қазіргі таңда Баян Қазақстандағы және шетелдегі ұйымдардың жұмысымен жақынырақ танысуда. Ол тобымен бірге қаржылық қолдау іздестіріп жатыр.

Жақында Баян Мақсатқызы (Есентаева) тұрмыстық зорлықтан зардап шеккен бір әйелдің қатысуымен баспасөз конференциясын өткізбек.

Еске сала кетсек, былтыр продюсер бұрынғы күйеуінен зорлық көрген болатын. Осы жағдайдан кейін берген алғашқы сұхбатында әйелдер құқығын қорғайтын қор ашатынын хабарлаған еді.

 

Превью: Sputnik.kz

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Төлеубек Аралбай

Актер