È

Баян Мақсатқызы (Есентаева) «СиСиТай» фильмінің түсіріліміне кірісті

Баян Мақсатқызы (Есентаева) «СиСиТай» фильмінің түсіріліміне кірісті

Баян Мақсатқызы (Есентаева) «СиСиТай» уақытша атауымен фильм түсіруді бастады. Продюсердің айтуынша, картина комедиялық мюзикл жанрында түсіріліп жатыр.

«Соңғы 30-40 жылда Қазақстанда мұндай жанрда ешкім фильм түсірген емес. Сондықтан, біз алғашқы болып бастаған сияқтымыз. Бұл кино бізге таңсық жанрдағы ерекше фильм болады деп ойлаймын. Сіздердің араларыңызда тұрғаныма өте бақыттымын. Бұл жерде ғажайып әрі ерекше киноның ең дарынды үздік авторлары жиналған. Барлығына сәттілік, шыдамдылық, бір-біріне деген сыйластық пен махаббат тілеймін»,-деді Баян Мақсатқызы тәрелке сындыру барысында.

Режиссерлік қызметті Ернар Нұрғалиевке сеніп тапсырды. Бұрын екеуі «Қазақ аруы» хикаясымен бірге жұмыс істеген. Фильмнің сыртқы жұмыстарымен Мексикадан келген қоюшы-оператор Алехандро Чавес айналысты. Бұл шетелдік маманның алғашқы қазақстандық таспасы емес, ол «Батыр» картинасымен жұмыс істеген.

Айта кету керек, Shine production продюсерлік орталығы үшін «СиСиТай» он екінші жоба атанды. Жобалардың ішіндегі көрерменнің есте қалғандары: «Жұлдыздарға арналған коктейль», «Абайлаңыз, сиыр!» фильмдері және «Махаббатым жүрегімде», «Тракторшының махаббаты» хикаялары.

Мюзикл түсіріліміне актриса әрі әнші Кәмшат Жолдыбаеваның түсіп жатқаны белгілі.

«Бродвей» кинопорталының оқырмандары «СиСиТай» фильмі және актерлары туралы толығырақ жақын арада білетін болады.

 

Превью: kipyat.com

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Мырзахмет

6 қараша 2017, 13:22

думаю критиков в копилке появится больше, чем денег

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер