Болжам бойынша, Баян Алагөзова биыл дүниеге сәби әкелмек
2018 жыл Баян Алагөзоваға шығармашылық шарықтауды ғана емес, қайтадан ана болу бақытын сыйлауы мүмкін. Бұл туралы жұлдыздарға арналған болжамы арқылы танылған нумеролог Клара Күзденбаева «31» арнаның «Айта берсін» бағдарламасында мәлімдеді.
«Биылғы жылы продюсер шарықтап, атаққа кенеліп, дүниеге сәби әкеліп, көшуі мүмкін. Баян жарады. Өткен жолы оның шыдамдылығының мықтылығын айтқан болатынмын. Ол мақсаттарына жете біледі. Қайсар мінезді. Мұндай адам жеткен жетістігіне мастанып отыра бермейді», - деді маман Баян Мақсатқызының туған күніне сүйене отырып.
Былтырғы жылы нумеролог танымал продюсер өмірінде қиын кезеңдердің болатынын ескерткен еді.
Еске сала кетсек, Баян Мақсатқызы 2017 жылы 7 желтоқсанда кәсіпкер Түрсен Алагөзовпен ресми түрде некелескен болатын.
Превью: Баян Алагөзованың Instagram желісіндегі жеке парақшасынан
.jpg)









1 пікір
Пікір қалдыру үшін
Bahyt
13 апреля 2018, 17:15Настоящая казахская женщина, мать и сестра! Желаю счастья и удачи во Всем!!!!