È

Баян Есентаева кітабының атауын жариялады

Баян Есентаева кітабының атауын жариялады

Отандық продюсер Баян Есентаева өмірбаянға құрылған кітабын қалай атайтынын анықтады. Естеліктер жинағының атауы - «Баян». Tengrinews сайтының хабарлауынша, кітап биылғы жылдың шілде айында жарыққа шықпақ.

Сонымен қатар, продюсер ғұмырнамасының ата-апасы туралы жазылған үшінші бөлімін таныстырып үлгерді:

«Менің атам мен апам (мен оны найнашка деп атайтынмын) құрметті кісілер болған. Атам апамды өмірінің соңына дейін қатты қызғанды. Мысалы, апам жұмысқа әдемі көйлектерін киіп барса, атама бұл ұнамайтын. Апам маған:

«Қазір мен есік алдына шыққан соң, маған анау бір көйлегім мен әдемі биік өкшелі аяқ киімімді пакетке салып әкеліп берші»,-деп айтатын.

Ол ұсақ моншақтары бар шілтерлі ақ жағалы, қызыл гүлді қара көйлек болатын. Апам сол сәнді киімді өзі тіккен еді. Көйлекке міндетті түрде танамоншақ тағып жүретін. Әр саяхатынан түрлі танамоншақтарды әкеліп, жинап жүргенді жақсы көрді. Мен апамды оларсыз елестете алмайтынмын...»

Есентаева brod.kz сайтына берген сұхбатында, кітапты жазуға 4 айдай уақыт кеткенін айтқан болатын. Ол сондай-ақ, «Баян» кітабында фотосуреттердің орнына, суретшілер салған суреттерді қолданатынын атап өтті.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Қуан Ликеров

Актер

Айнұр Ниязова

Актриса