È

Баян Есентаева ғұмырнамасының алғашқы парағын көрсетті

Баян Есентаева кітабының алғашқы бетін көрсетті

Қазақстандық продюсер, актриса әрі тележүргізуші Баян Есентаева өзінің Instagram парақшасына жазып жатқан ғұмырнамасының алғы сөзін жариялады. Өткен жолы продюсер өмірбаяндық кітабын жазып біткенін айтқан болатын.

«Мен бұл кітапты ақталу үшін жазған жоқпын, маған қоғамның алдында ақталудың еш қажеті жоқ. Бұл кітап – өмірімнің 43 жылын қалай «қайта сүруге болатынын» ұғыну, түсіну. Қай жерде дұрыс немесе бұрыс кеткенімді саралау. Жақсы мен жаманды еске алу. Өрлеу мен құлдырау. Жеңіліс пен жеңістер.

Сондай-ақ, мені түрлі жорамалдар әбден мезі етті. Өсек-аяңдарды елемей, төтеп бере алатын мықты адамдардың өзі ерте ме, кеш пе бос әңгімеден шаршап, бір күні жарылатыны анық.

Осы кітап арқылы мен болған оқиғаның шындығын айтып беремін (жалғыз «цензор» - өміріме жақсы әсер еткен адамдардың жүрегін жаралап алмау). Қалай болғанын, неге болғанын түсіндіремін. Және мені сынап-мінеудің алдында мынаны есте ұстасаңыздар екен деймін: менің өмірім – қарапайым адамның өмірі. Қызметте өз орнын тауып, мансап құрған қарапайым әйелдің өмірі.

Мен қарапайым адаммын. Маған қарап үлгі алыңдар демеймін. Мінсіз де емеспін, мені көтеріп алып, шайқасқа аттанатын ту да емеспін. Мінсіз адам болуға ешқашан тырысқан да жоқпын. Осыны есте сақтаңыздар. Рахмет»,-деп жазылған алғы сөзінде.

Еске сала кетсек, Есентаева ғұмырнамасын жазуды биылғы жылдың қаңтар айынан бастаған болатын. Автордың айтуынша, бұл кітапты жазуға соңғы уақытта болған өміріндегі оқиғалар мен қоғамдағы түрлі қауесеттер себеп болған.

Кітап басылымға дайын, тек атауы ғана қойылған жоқ. Жақында тележүргізуші оқырмандарынан кітаптың атауын қоюға көмек сұраған. Баян ұнаған атаудың авторын кітабының тұсаукесеріне шақырып, қолтаңба беретінін айтты.

 

Превью:Today.kz

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Сауле Камбарова

2 мамыр 2017, 23:37

"Все пройдет!И это пройдет" и 2 вариант" Все в твоих руках"

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Айнұр Ниязова

Актриса