È

Баян Есентаева жаңа хикая түсірмек

Баян Есентаева жаңа хикая түсірмек. Қазақстан киносы

Продюсер Баян Есентаева атауы әзірге белгісіз тарихи хикаяның түсіріліміне дайындалу үстінде. «Esentai production» продюсерлік орталығының алдыңғы жұмыстары: «Астана – махаббатым менің», «Махаббатым жүрегімде», «Тракторшының махаббаты», «Өгей жүрек» және «Қазақ аруы».

Хикаяның нақты қашан түсірілетіні және оның не жайында болатыны әзірге белгісіз. Баян Мақсатқызы жаңа жоба туралы алдыңғы жолы Brod.kz сайтына берген сұхбатында былай деген еді:

«Мен жазда хикая түсіремін деп ойлаймын. Оның қандай екенін әзірге айтпай-ақ қояйын, бірақ оның өте әдемі болатыны сөзсіз. Мұндай жанрда әлі жоба жасаған емеспіз. Бұл аса сақтықпен әрі үлкен сезіммен кірісіп жатқан алғашқы жұмысымыз болмақ».

Суреттер Баян Есентаеваның жеке Instagram парақшасынан алынды

Қазіргі таңда Есентаева басты рөлдерді сомдайтын актерлерге жабық кастинг өткізіп жатыр. Сонымен қатар, продюсер хикаяға саундтрек жазу үстінде. Арман Дүйсенов жазған композицияны «КешYou» тобы орындайды.

«Esentai production» орталығымен қатар, биылғы жылы «Қазақфильм», «Satai film» («Томирис») және «567 cinema» студиялары да тарихи фильмдерді түсірмек.

 

 

Превью: today.kz

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Нұржұман Ықтымбаев

Актер

Венера Нығматулина

Актриса