È

Баян Мақсатқызы (Есентаева): «Егер әйелің сені тыңдамаса, онда екі апта бойы оған жақындама»

Баян Мақсатқызы (Есентаева): «Егер әйелің сені тыңдамаса, онда екі апта бойы оған жақындама»

Продюсер әрі актриса Баян Мақсатқызы (Есентаева) әйелдерді шариғат бойынша қалай жазалау керектігін түсіндірді. Бұл туралы ол «Кинокафе Әзиз Бейшеналиевпен» бағдарламасында айтты.

«Әйелдерді шариғат заңы бойынша күніне бес рет ұруға болады деген әңгімені бір жаңалықтан оқып қалдым. Соны жазған адам сауатсыз ғой. Құранды оқымаған адам. Құранда не деп жазылғанын білесіздер ме?! Егер әйелің сені тыңдамаса, шариғат бойынша ең алдымен, онымен жақсылап сөйлесуің қажет. Әлі де құлақ аспаса, екіншіден – екі апта бойы оған жақындама. Егер ол да болмаса, онда, Құранда жазылғандағыдай, ұруыңа болады»,-дейді Баян.

Сонымен қатар, продюсер Егер Қасиетті кітапты ер адам емес, әйел жазған болса, онда үшінші сөздің мүлдем болмайтынын да айтып кетті.

«Мен феминист емеспін. Тек өз құқығым мен міндеттерімді құрметтейтін әйелмін»,-деп түсіндірді Баян Мақсатқызы.

Продюсер мюзиклге қатысты жұмыстарын аяқтаған соң, «Аю тас» әйелдер құқығын қорғайтын ұйымды құруға барынша атсалысатынын жеткізді. Бұл қор болашақта оның негізгі кәсібіне айналмақ.

2 пікір

Пікір қалдыру үшін

Nurlan Aidarkulov

9 желтоқсан 2017, 18:46

Священная книга мусульман была ниспослана Аллахом, а не написана мужчиной!

Rustem Shlekey

11 желтоқсан 2017, 14:04

"Если бы Священная книга мусульман была написана женщиной, а не мужчиной, то третьего пункта не было бы вовсе". Это ее безграмотность, считать священную книгу "написанной"

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Тимур Жақсылықов

Сценарист