È

Баян Мақсатқызы (Есентаева) актерлардың қандай қасиетін ерекше бағалайтынын айтып берді

Баян Мақсатқызы (Есентаева) актерлардың қандай қасиетін ерекше бағалайтынын айтып берді

Баян Мақсатқызының (Есентаева) қолы тиген жұмыстың танымал болатыны ешкімге жасырын емес. Продюсердің жеңіл қолының арқасында отандық кинематографта жаңа есімдер пайда болды. Атап айтсақ, олар - Кәмшат Жолдыбаева, Мөлдір Әуелбекова, Гүлназ Жоланова, Ақбота-Нұр Сейтмағамбет және Тәуекел Мүсілім. Продюсер «Кинокафе Әзиз Бейшеналиевпен» бағдарламасында дарындыларды қалай тауып алатынын, неліктен кейде кәсіби емес актерлармен жұмыс істейтінін баяндап берді.

Баянның айтуынша, ол нағыз талантты көпшіліктің арасынан бірден таниды екен.

«50-100 адам тұрса да, мен оны бірден байқаймын. Кейде қателесіп те қаламын. Бірақ, кей кездері алдымда тым ұялшақ қыз тұруы мүмкін. Бірақ, оның бойында бір тартымдылық, ішкі жылулық болады. Оған қарап тұрып, көңіл-күйіңді түсіретін нәрсені таба алмайсың. Бұл мен үшін аса маңызды. Еркекте де, әйелде де ашушаңдық тудыратын бір белгі болады. Оны кез-келген адам көре алмайды. Ал мен бірден байқаймын. Кейде, барлығы жақсы сияқты көруі мүмкін: ол адам сүйкімді, ерекше дарынды. Бірақ, бір қасиеті тартпай тұрады»,-дейді сұхбатында продюсер.

Осылайша, «Қазақ аруы» және «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу» хикаяларына Гүлзада Тұрлаш есімді актриса таңдалды. Бойжеткен де басқалары секілді басты рөлді армандамаған күйнде кастингке келеді. ДЖәл осыған ұқсас жағдай Есентаеваның «Сиситай» атты жаңа жобасының кейіпкері Әйгерім Мергенбаевамен де болған.

Продюсер кәсіби актерлармен неге кейде жұмыс істей алмайтыны туралы айтып берді:

«Мен жобаға кәсіби актерларды алмағаным үшін ылғи сынға алып жатады. Өйткені, олар жасанды. Көпшілігі күлуді, дұрыс сөйлеуді біледі. Ал маған өмірдегі қыз керек. Шынайылық пен органика қажет. Мен кәсіби актриса болмай тұрып, киноға 18 жасымда түстім. Сол кезде-ақ, шынайылықтың маңызды екенін және асыра сілтеп ойнаудың қажеті жоқтығын түсіндім».

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Мырзахмет

10 желтоқсан 2017, 02:00

Отличный взгляд и идея. Вот это талант

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Құралай Анарбекова

Актриса