È

Берлинале 2018: Вольфганг Фишердің «Стикс» фильмі European Cinema Label жүлдесін иеленді

Берлинале 2018: Вольфганг Фишердің «Стикс» фильмі European Cinema Label жүлдесін иеленді

Германиядан келген дәрігер әйел кемемен жалғыз жүзіп бара жатқанда траулердегі бір топ жадап-жүдеген Африкалық босқындарды көргенде ауыр моральдық дағдарысқа ұшырайды. Вольфганг Фишердің «Стикс» фильмі – Еуропадағы өзекті болып саналатын босқындар мәселесін зерттейтін абсолюттік драма. Бұл жоба Берлин кинофестиваліндегі Panorama бөлімінің үздік еуропалық фильмі ретінде European Cinema Label жүлдесін иеленді.

«Стикс» фильміндегі жас дәрігердің рөлін Сюзанна Вольф («Ертең барлығы бітеді», «Нояндар») сомдады. Оның кейіпкері теңізде жалғыз саяхаттауға батыл түрде шешім қабылдайды. Бірақ, ол дәрігерлік міндетімен кемедегі заңсыз тасымалданған босқындарға араша түскісі келгендіктен тұзаққа түсіп қалады. Оған жағалаудағы күзеттен бұл мәселеге араласпауы жайлы бұйрық түседі.

«Стикс» - бұл қарапайым, бірақ біз жоққа шығара алмайтын Еуропадағы босқындардың жағдайын анық әрі дәл көрсететін драмалық оқиға. Біз бұл мәселені көріп қана қоймауымыз керек, біз мұның шешімін табуымыз керек», - деп хабарлады European Cinema Label әділқазылар алқасы.

«Стикс» атауында Еуропадағы бұрыннан келе жатқан айқын мәселе ғана қарастырылмайды. Моралдік сұрақтардың да Фишерді алаңдататыны сөзсіз. Материкке бағытталған кеме жолаушылары мен күтпеген капитанға өлім қаупі төнгенде, көмекке мұқтаждардың бәріне қалай қол ұшын созуға болады? «Стикс» оқиғасы шытырман форматтағы киноны түсіріп қана қоймай, қоғамның көкейіндегі жатқан күрделі мәселерді көтеруге болатынын көрсетті.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Ахат Ибраев

Режиссер

Әлішер Хайыров

Актер

Қуан Ликеров

Актер