È

Бибігүл Ақтан Еуропа кино апталығына барды

Бибігүл Ақтан Еуропа кино апталығына барды

Алматыда Еуропа кино апталығы жалғасып жатыр. Көрсетілімдер «Арман» киноорталығында өтуде, зал кино өнерін сүйетін көрерменге лық толы. Фестиваль қонақтарының арасында Бибігүл Ақтан да бар. Отандық актриса «Күнді кіргіз» француз фильмін тамашалап, алған әсерімен «Бродвей» оқырмандарымен бөлісті.

Дарынды актриса Жюльет Биноштың қатысуымен түсірілген «Күнді кіргіз» картинасы ажырасқан соң, өз-өзіне келуге тырысқан суретші жайлы баяндайды. Әйел 50 жаста, ол шынында да өмірде өзіне не керектігін және жанында қандай жігіттің болғаны жөн екенін білмейді.

«Күнді кіргіз» фильмінен көрініс
«Күнді кіргіз» фильмінен көрініс

«Ең бірінші Жюльет Биноштың керемет ойнау шеберлігін айтқым келеді, жалпы бүкіл фильм соның ойынына тәуелді. Картина диалогқа құрылған, ырғақ аздау, сондықтан актерлардың ойынына басты назар аударылады. Фильм әлеуметтік мәселені қозғау арқылы ұтып отыр, яғни ересек шақта адамдарға қарттықты бірге өткізетін жұпты табудың қиындай түсетінін жақсы көрсеткен. Әрине, басты кейіпкерді ерлерді жиі ауыстыратыны үшін кінәлауға да болады. Бірақ, оны да түсінуіміз керек. Ол – өмірлік серігін іздеп жүрген әйел. Біршама жасқа жеткен адамдарға жеке өмірін қайта құру қиынға соғып жатады. Бұл тақырып Еуропада ғана емес, Қазақстанда да өзекті болып отыр. Фильм осындай жағдайды бастан кешіп жатқандар үшін пайдалы болады деп ойлаймын. Олар көрсетілім барысында өздеріне қажетті жауапты естіп, қорытынды жасайтын шығар. Жалпы, бұл таспаны көре отырып, ләззат алдым. Соңғы уақытта кинотеатрлардан еш мағынасы жоқ коммерциялық киноларды жиі көрсетіп кетті. Сондықтан, «Күнді кіргіз» таспасы мен үшін таза ауамен тыныстағанмен бірдей», - деді Бибігүл Ақтан.

«Күнді кіргіз» фильмінен көрініс
«Күнді кіргіз» фильмінен көрініс

Еуропа кино апталығы 24 мамырда басталды. Көрсетілім аясында британдық әнші Матанги Арулпрагасам жайлы баяндайтын «M.I.A» фильмі және Берлин кинофестивалінің жүлдегері «Қатарлар арасында» мелодрамасы ұсынылды. Апталық «Юпитер серігі» фантастикалық драмасымен аяқталады.

Еске сала кетсек, фестиваль Британ Кеңесімен, Қазақстан Гёте-Институтымен, Алматы Француз Альянсымен, Венгрияның Бас елшілігімен және EUNIC Еуропа мәдени институттарының қауымдастығымен ұйымдастырылды. Көрсетілім кураторы - Clique Fest.

 

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Мырзахмет

11 шілде 2018, 21:39

Лучшая во всей красе и всегда всюду

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Бибігүл Ақтан (Сүйіншәлина)

Актриса

Тимур Жақсылықов

Сценарист