È

Бірінші болып тамашала: Еуропа кино апталығы жақындап келеді

Бірінші болып тамашала: Еуропа кино апталығы жақындап келеді

2018 жылдың 24-27 мамыр аралығында «Арман» кинорталығында Еуропа кино апталығы өтеді. Отандық көрермендерге халықаралық кинофестивальдердің қатысушылары мен жеңімпаздары таныстырылады. Дегенмен, бұл шараның басты ерекшелігі – барлық картиналар Қазақстанда, тіпті кейбіреулері ТМД аумағында алғаш рет көрсетіледі.

24 мамыр күні Еуропа кино апталығын британдық әнші Майяның (Матанги Арулпрагасам) өмірі мен шығармашылығына арналған «M.I.A» деректі фильмі ашады. Әнші 1975 жылы Лондонда дүниеге келген, бірақ балалық шағын Шри-Ланкада өткізеді, ол жақта әкесі тәуелсіздік үшін күрескен тамиль қозғалысын басқарған. Ол 9 жасында отанына қайтып оралады. Досы Стив Лавридж түсірген кинотаспада көрермендерге Майя өмірінің басқа қыры көрсетіледі, яғни саяси белсенділігі мен азаматтық міндеті суреттеледі. Фильмге әншінің өзі түсіріп, жинаған бейнематериалдар енген.

Таспаның тұсауы Sundance-2018 кинофестивалінде кесілді. Картина «Қазылар алқасының арнайы жүлдесін» иеленген.

«Күнді кіргіз» фильмінен көрініс
«Күнді кіргіз» фильмінен көрініс

25 мамыр күні «Күнді кіргіз» мелодрамасы көрсетіледі. Француз актрисасы әрі режиссері Клер Денидің фильмі 50 жасар суретші Изабель жайлы баяндайды. Әйел ажырасқан және қарттығын бірге қарсы алатын адамды іздейді. Алайда, шынайы қарым-қатынас құру мүмкіндігі болмай жатады. Изабельдің балгерге барудан басқа амалы қалмады.

Фильм кейіпкерін Жюльет Бинош сомдады, ол өз ойыны үшін «Сезар» киножүлдесін иеленген болатын. Актрисаның қоржынында «Оскар» («Ағылшын емделушісі») және Канн кинофестивалінің («Дұрыс көшірме») пальма бұтағы бар.

26 мамырда Томас Штубердің «Қатарлардың арасында» неміс мелодрамасы көрсетіледі. Жас жігіт Кристиан сауда орталығына жүкші болып орналасады. Оның сауда қоймасы қатарларының арасындағы жұмысына көңілі толады. Оның үстіне, көрші бөлімде Мэрион болғандықтан, шағымдану күнә ғой. Қауіпсіз қылымсу ғашықтыққа айналады. Бірақ, Кристианның ойы жақында сағым болады, себебі Мэрион тұрмыстағы әйел екен.

Кинотаспа Берлин кинофестивалінің екі жүлдесін: «Неміс арт-хаусы гильдиясының жүлдесін» және «Экуменикалық (христиандық) қазылар алқасының жүлдесін» жеңіп алған.

«Юпитер серігі» фильмінен көрініс
«Юпитер серігі» фильмінен көрініс

Көрсетілімді Корнель Мундруцоның фантастика элементтері бар «Юпитер серігі» драмасы аяқтайды. Таспаның басты кейіпкері – шекарада жараланған босқын Арьян. Жас жігіт лагерьге келіп, мықты қасиетінің барын анықтайды, Арьян ұша алады. Дәрігер Штерном жігітке лагерьден шығуға көмектеседі. Екеуі де бостандық үшін күресіп, таңдау құқығына ие болады.

Еуропа кино апталығының ұйымдастырушылары – Британ Кеңесі, Қазақстан Гёте-Институты, Алматы Француз Альянсы, Венгрия Бас елшілігі және EUNIC Еуропа мәдени институтарының қауымдастығы. Шараның кураторы - Clique Fest.

Фильм көрсетіліміне билет арқылы кіруге болады.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Асылхан Төлепов

Актер

Төлеубек Аралбай

Актер