«Бітімгерлікті күшейтудің жол картасы»
Шетелге сапарында президент АҚШ-тың саясат және қоғам қайраткерлерімен, сондай-ақ Барак Обамамен кездесті. Сонымен қатар ядролық қауіпсіздік мәселесіне қатысты пленарлық отырысқа қатысты. Кездесу кезінде екі ел басшылары бірқатар декларациялар қабылдады.
Деректі фильмнің жетекшілері Дәурен Абаев және Ерлан Бекхожин. Сценарий авторлары Ерлан бекхожин мен Владимир Курятов. Деректі лентаның қоюшы-режиссеры Ақбота Батырхан. Картинаның қоюшы-операторы Ербол Кәкімбаев, Есім Дәркеев, операторлары Хасен Омарқұлов және Алмас Омарғалиев. Фильмнің атқарушы продюсері Назгүл Керімбаев, редакторы – Күлзада Қамарова.
Картинаның хронометражы 24 минут.
«Бітімгерлікті күшейтудің жол картасы» атты деректі фильмді ҚР президентінің баспасөз қызметі ғаламтор желісіне жариялады.






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін