Шыңғыс Қапин жалаңаштанған күйде фотосессия жасады
Театр және кино актері Шыңғыс Қапин отандастарымызды таң қалдырудан жалықпайды. Men`s Health журналына оның сұхбаты мен жалаңаштанған күйде түскен фотосессиясы шықты. Шыңғыс камераға түсіп қана қоймай, «Американдық есалаң» кітабындағы кейіпкер Патрик Бейтман образына барынша еніп кетті.
Актер журнал оқырмандарына Эльдар Шибановтың «Жыныстық қатынас, қорқыныш және гамбургерлер» қысқаметражды таспасындағы жұмысы жайлы айтып берді. Фильмде Шыңғыс жеке өмірінде қиындықтары бар басты кейіпкерді сомдады.
«Эротикалық көріністегі түсірілім кезінде өзім үшін екі сәтті түртіп қойдым. Біріншіден, Станиславский бойынша, мен ештеңені ойнаған жоқпын. Біреулер үшін бұл құпия болады деп ойламаймын, бірақ мен Айсұлу Әзімбаеваға қызығушылық танытамын, сондықтан маған ештеңені ойнаудың қажеті болған жоқ. Екінші сәт – маған тоқтау қиынға соқты. Кәсіби маман ретінде мен кинематографиялық міндеттің барын түсінемін, соған сай кейіпкерімнің белгілі бір сексуалды мәселелері бар. Сондықтан, өзімнің жеке физикамды баса отырып, кейіпкерге барынша енуіме тура келді», - деді Шыңғыс Қапин.
Сондай-ақ, ол кинодағы әдемі жыныстық қатынастың қойылған төбелеспен тең екенін айта кетті. Екеуі де шынайы өмірде сұрықсыз әрі ебедейсіз көрінеді. Сондықтан, режиссер Эльдар Шибановпен бірге «Жыныстық қатынас, қорқыныш және гамбургерлерде» жыныстық қатынасты ыңғайсыз әрі ебедейсіз қылып көрсетуді жөн көрдік.
Әртіс тұрмыстық зорлық тақырыбына қатысты пікірімен бөлісті. Шыңғыстың айтуынша, зорлық – еркектің олқылығының нәтижесі.
«Санаммен зорлықтың қылмыс екенін түсінемін, бірақ кейде «ішкі бір мәмбет» оянып кетеді де, серіктесіңнің тас-талқанын шығарғың келеді. Кесіп айтудан аулақпын, бірақ әйелдерге көрсетілетін тұрмыстық зорлық және жалпы зорлық сол бір еркектің өзін толыққанды санай алмауынан деп ойлаймын. Бұл қоғаммен, мемлекетпен, белгілі бір әйелмен байланысты болуы мүмкін. Дегенмен, нағыз еркек ретінде сезінбегендіктен, осындай әдістер арқылы өзіңді қабылдайтын сияқтысың», - деп білдірді өз көзқарасын актер.
Еске сала кетсек, «Жыныстық қатынас, қорқыныш және гамбургерлер» картинасы жақын арада 75-ші Венеция кинофестиваліне аттанады. Фильм «Көкжиектер» (Orizzonti) қысқа метрлер байқау бағдарламасында таныстырылады.
Превью: Шыңғыс Қапиннің Instagram-дағы жеке парақшасынан
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін