È

Қазақстандық «Жыныстық қатынас, қорқыныш және гамбургерлер» фильмі Венецияда көрсетіледі

Қазақстандық «Жыныстық қатынас, қорқыныш және гамбургерлер» фильмі Венецияда көрсетіледі

Эльдар Шибановтың «Жыныстық қатынас, қорқыныш және гамбургерлер» қысқаметражды фильмі 2018 жылы 29-тамыз бен 8-қыркүйек аралығында өтетін 75-ші Халықаралық Венеция кинофестивалінің ресми бағдарламасына енді. Отандық таспа қысқа метрдің «Көкжиектер» («Orizzonti») бөлімі байқау бағдарламасының қатысушысы атанды.

«Жыныстық қатынас, қорқыныш және гамбургерлер» таспасының басты кейіпкері - фудфотограф Ескендір, оның жұмысы мен сексуалды қарым-қатынасында қиындықтар орнайды. Қаладағы лаңкестік шабуылдың салдарынан ер адам аяқ астынан келген клиент қыз Анатпен жабық студияда бірнеше сағатқа қалуға мәжбүр болады. Оқыс оқиға белгісіз екеуді жақындастыра түседі.

«Фильмдегі маңызды элементтердің бірі менің қаламда шынайы болған лаңкестік шабуылға негізделген. Оған ешкім – полицейлер де, қалалықтар да дайын емес еді. Бірақ, әр адам үшін шынайылық екі кезеңге – дейін және кейін болып бөлінді. Бұл бізді өзгертті. Мен лаңкестік шабуыл немесе жеке өмірдегі мәселелер секілді дағдарыстың даму мен өсу құралы екендігін көрсеткім келді. Әр дағдарыс – адам мен қоғам үшін қатал әрі ғажайып өмірде одан сайын мықты бола түсу мүмкіндігі», - деді фильм режиссері әрі сценаристі, Artdepartment.kz кино суретшілері студиясының қосалқы негізін қалаушысы әрі директоры Эльдар Шибанов.

Фильмдегі негізгі рөлдерді Шыңғыс Қапин, Айсұлу Әзімбаева және Виктория Мұхамеджанова сомдады.

Қысқаметражды таспаның түсіріліміне сценарийдің қосалқы авторы, продюсер әрі қоюшы-суретші Юлия Левицкая, қоюшы-оператор Қайрат Темірғалиев, дыбыс режиссерлары Илья Гариев пен Зураб Құрманбаев атсалысты. Фильм продюсерлері – Әнуар Есіркепов және Данияр Ибрагимов.

Еске сала кетсек, Венеция кинофестивалінің «Көкжиектер» бағдарламасына тағы бір қазақстандық картина - Эмир Байғазиннің «Өзен» фильмі енген болатын.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Айнұр Ниязова

Актриса