«Ғажайып әйел 1984»: Крис Пайн жалғасына түседі

Крис Пайн Ғажайып әйел туралы былтырғы комикстің жалғасында Стив Тревор рөлін сомдайды, картина «Ғажайып әйел 1984» деген атауға ие болды. Қазіргі таңда түсірілім қызу жүріп жатыр. Режиссерлік орынға қайта оралған Пэтти Дженкинс күту рейтингісі жоғары жалғасының алғашқы көріністерін ұсынды.

Дженкинс Twitter'дe Крис Пайннің суретін жариялады. Сондай-ақ, режиссер Ғажайып әйелге айналатын Дайана Прайс рөлін сомдайтын Галь Гадотпен түскен кадрды да көрсетті. Пэтти Дженкинс алдыңғы жолы суперқаһармандар туралы жалғасындағы оқиға 80-жылдары Құрама штаттарында өрбитінін айтқан болатын.

Кристен Уиг («Анашым!», «Қысқа») зұлым әйел Барбара Энн Минерва немесе Гепард рөлін сомдайды. Ал Педро Паскаль («Kingsman: Алтын сақина», «Ұлы қорған») сомдайтын негізгі рөл жайлы әзірге ештеңе айтылмай отыр.
.jpg)







пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін