È

«Қара жесір»: Жаклин Шеффер Marvel-ге арнап сценарий жазады

«Қара жесір»: Жаклин Шеффер Marvel-ге арнап сценарий жазады

Marvel студиясы «Қара жесірге» сценарист ретінде жұмысы жүйелі түрде «Үздік сценарийлердің қара тізіміне» ілінетін Жаклин Шефферді таңдады. Осы тізімнің негізінде киностудияның және продюсерлік компаниялардың жетекшілері сауалнамаларының қорытындысын және әлі де жарық көрмеген фильмдердің сценарийлерін ұсынады. Бұл қорытындылар тұрақты түрде әр жылдың желтоқсан айының ортасында жарияланып отырғанына 10 жылдан асты. «Қара жесір» Скарлетт Йоханссонның Marvel әлемінің франшизасында 2010 жылдан бастап түсірілген алғашқы жеке фильмі болмақ.

Жаклин Шеффердің қоржынында 2009 жылы «Трайбека» фестивалінде тұсаукесері сәтті өткен «Таймер» атты авторлық жұмысы бар. Ол Энн Хэтэуэйге арналған әйел рөлі бар «Тасқын» атты ғылыми-фантастикалық экшн-комедияның сценарийін жазған, бұл фильм 2014 жылы «Қара тізім» таңдауына ілінген еді. Сондай-ақ, Шеффер 1988 жылғы ремейктің, яғни «Жалған алаяқтар» фильмінің сценарийінің авторы, аталмыш картинаның шығу уақыты осы жылғы жаздың соңына жоспарланған, басты рөлдерді қайтадан Хэтэуэй мен Ребел Уилсон сомдайды.

Көрермендер Қара жесірді алғаш рет экраннан «Темір адам 2» фильмінен 2010 жылы көрген болатын. Содан бері, ол «Кек алушылар» франшизасында екі рет, сондай-ақ «Алғашқы кек алушылар: Басқа соғыс» және «Алғашқы кек алушылар: Қарсыласу» сияқты кинокомикстардан көрінді. Биыл бұл кейіпкердің қатысуымен «Кек алушылар: Мәңгілік соғыс» атты тағы бір фильм жарыққа шығады. Соңғы жылдардағы сауалнамалар нәтижесі аталмыш кейіпкердің жеке фильміне деген қызығушылығының жоғары екендігін көрсетеді.

Маңыздысы, Marvel әлемінен бөлек, Скарлетт Йоханссон өз дәуіріндегі сұранысқа ие актрисалардың бірі болып қала береді. Ол бүкіл әлемдік айналымда 500 миллион доллар жинаған Люк Бессонның «Люси» сияқты көптеген табысты блокбастерлерге түсіп жүр.

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Мырзахмет

14 января 2018, 02:42

Марвел делает большие шаги

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Әмір Қарақұлов

Режиссер

Бибігүл Ақтан (Сүйіншәлина)

Актриса