«Шерткіш және төрт патшалық»: аңыздың өзге қыры

Disney студиясы классикалық хикаяның жаңа бейімдеуі болып табылатын «Шерткіш және төрт патшалық» отбасылық шытырман оқиғалы фэнтезиінің соңғы трейлерін ұсынды. Бұл таспамен бірден екі режиссер: Лассе Халльстрём («Иттік өмір», «Дәмдеукіштер мен құштарлық») және Джо Джонстон («Алғашқы кек алушы», «Қасқыр адам») айналысты, екеуі де таспа титрында белгіленген, бұл Голливуд үшін ерекше жағдай. Соңғы ролик Гофманның түрленген ертегісінің басқа қырына тоқталады және параллель әлемнің құпияға толы өзге қырын көрсетеді, ол жақта Қар бүршігі Патшалығы, Гүлдер Патшалығы және Тәттілер Патшалығы, сондай-ақ барлық бәле келетін төртінші Патшалық бар.
Клараның (Маккензи Фой, «Интерстеллар», «Дуа») қалауы – бағалы сыйлық сақталған қобдишаны ашатын жалғыз кілтті табу. Жыл сайынғы мерекеде кіндік әкесі Дроссельмейер (Морган Фримен, «Барлығы енді басталады», «Әдемі кету») берген алтын жіп Клараны сол кілтке әкелуі тиіс. Бірақ, бойжеткен үшін жаңа болып көрінетін әлем тосын сыйға және түрлі өзгерістерге толы, ол жақта кілт жылдам жоғалып кетеді екен. Дәл сол жақта Клара Филип (Джейден Фовора-Найт) есімді әскери адаммен танысады, екеуі төртінші Патшалықта көптеген сынақтарды бастан өткеріп, тұрақсыз бұл әлемге үйлесімділікті қайтаруы тиіс.
«Шерткіш және төрт патшалық» ертегі-фильмі 2018 жылдың 8 желтоқсанында айналымға шығады. Афишамызды қарап жүріңіздер.
.jpg)







пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін