È

Дэйв Батиста Джеймс Ганн жұмыстан кеткен соң, Disney-мен әрі қарай қаншалықты жұмыс істегісі келетінін білмейді

Дэйв Батиста Джеймс Ганн жұмыстан кеткен соң, Disney-мен әрі қарай қаншалықты жұмыс істегісі келетінін білмейді

Актер Дэйв Батиста («Қашу жоспары 2», «Артемида» қонақ үйі») «Галактика сақшыларының» режиссері Джеймс Ганн Twitter'дегі қатқыл хабарламаларынан кейін жұмыстан босатылған соң, әрі қарай қаншалықты Disney-мен жұмыс істегісі келетінін білмей жүр. «Бұл өте күйінішті әңгіме, себебі мен шынымен де олардың Джеймс Ганнға істегеніне разы емеспін», - деді Батиста «Джонатан Росс шоуы» телебағдарламасында.

«Олар фильмді кейінге қалдырды. Бұл белгісіз болжам. Мен сіздерге шынымды айтайын, әрі қарай Disney-ге қаншалықты жұмыс істегім келетінін білмеймін», - деп жалғады сөзін Батиста, ол «Галактика сақшыларының» екі бөлімінде Дракс рөлін сомдаған. Ол Ганнды жұмыстан шығарып жіберген студияға қатысты сезімін шебер сипаттап, Disney әрекетін «табысты болған киберұлтшылдық шабуыл» деп атады.

Мұның алдында Батиста Twitter'гe #cybernazis хэштегімен «ғайбаттық фашистік кампанияны» бастаған соң, Disney-мен «жұмыс істеудің жиіркенішті» екенін жазған болатын. Алдыңғы жолы актер егер Marvel Джеймс Ганның жақында аяқтаған сценарийінен бас тартатын болса, «Галактика сақшыларының» үшінші бөлімінен кететінін хабарлады. Disney-дің басшысы Алан Хорн өз мәлімдемесі арқылы әзілдердің «кешірілмейтінін және студия құндылықтарына сай еместігін» хабарлады.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Игорь Бабичев

Актер

Максим Митрофанов

Актер

Джон О’Нил

Актер

Талас Бойченко

Актер

Сәбит Мұстафа

Актер