È

«Галактика сақшылары»: актерлік құрам Джеймс Ганн жағында

«Галактика сақшылары»: актерлік құрам Джеймс Ганн жағында

Disney студиясы танымал франшизаның үшінші бөлімінің түсіріліміне дайындалып жатқан кезде, Джеймс Ганнды жұмыстан шығарып жіберген соң, «Галактика сақшыларының» актерлік құрамы режиссерді қолдап, өтініш жазды. Олар студиядан Ганның қайта оралуын сұрап жатыр.

«Біз Джеймс Ганнды толықтай қолдаймыз, - деп жазған өтініште Крис Пратт, Зои Салдана, Дэйв Батиста және т.б. актерлар, олар өтінішті әлеуметтік желіге жарияланған. – Өткен аптада оның тез арада жұмыстан шығып кеткеніне барлығымыз таң қалдық, сондықтан ойланып, бір-бірімізді тыңдап, талқылап, жауап дайындау үшін арнайы он күн күттік. Оның үстіне, біз үшін жанкүйерлердің, журналистердің қолдағаны маңызды, олар да Джеймстің қайтадан «Галактика сақшыларының» үшінші бөлімінің режиссері болуын қалап отыр. Бұл оның айналасындағы түрлі қастандыққа қарсы орындалуы тиіс».

Disney Twitter'дeгі бірқатар тіл тигізетін хабарламаларды алған соң, Ганнды жұмыстан шығарған болатын, ал хабарламаны режиссер әрі сценарист бірнеше жыл бұрын жариялаған. Ол педофилия мен зорлауға қатысты өз пікірін жазған болатын. Ганнды жұмыстан босатқан соң, көптеген голливуд жұлдыздары режиссерді қолдап, пікір білдірді. Актриса Сэльма Блэр ниетін білдіріп, Twitter'дегі парақшасын алғашқылардың бірі болып өшіріп тастады. Джеймс Ганның қайта оралуын талап ететін петиция мақсатқа жеткізетін 500 000-ның 300 000 қолына ие болды. Ал режиссер жазбасы үшін кешіріп сұрап, ол хабарламасының оны жыл бұрын жазылғанын және сол сөздерін арандатушылықтың сәтсіз жасалған түрі ретінде қарауды сұрады.

 

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Асылхан Төлепов

Актер

Төлеубек Аралбай

Актер