È

«Уйти красиво»: Тонайтын болсақ, адал ниетпен ғана

«Уйти красиво»: Тонайтын болсақ, адал ниетпен ғана

Банк тонауға қатысты қылмыстық комедия халық арасында қашан да танымал. Біріншіден, кейін екі есе қайтарса да, көпшілігі несие алуға мәжбүр. Екіншіден, адамдар бұл жағдайда қауқарсыз болып келеді. Осындай кезде адамның «әбден мезі қылған» банк қызметкерлерінен өш алуға деген астыртын қалауын жүзеге асыратын фильмдер көмекке келеді.

Әрине, кейіпкерлердің сарыны түрленіп отырады. Жас бұзақылардың әрекетін түсінуге болатын шығар, алайда өмірінде мұндай іске барып көрмеген қарттардың банк тонауына не түрткі болды? Олар көбінесе «қарттардың түкке де пайдасы жоқ» деп есептейтін қоғамға өкпелі. Осы тектес жандар Кеңес кезеңінде «Старики -разбойники» фильмінен тергеуші Мячиков пен оның досы инженер Воробьев, америкалық кинода 1979 жылы шыққан «Уйти красиво» картинасының басты кейіпкерлері Джо, Эл мен Вилли болды.

2017 жылы режиссер Зак Браффпен түсірілген «Уйти красиво» фильмінің өзіндік ерікті ремейкі бұл сұраққа басқаша көзқараспен қарады.

Жаңа нұсқада Джо, Эл мен Вилли іштері пысқандықтан немесе өздерін керексіз сезінгендіктен банк тонамайды. Оның басты себебі, бұрын өздері жұмыс істеген компания басқа фирмамен қосылды деген желеумен олардың зейнетақыларын қысқартып жібереді. Джо осы кезде несиесін төлеу үшін банкке барады, бірақ банк әлдеқашан оның пайыздық үстемесін көтеріп тастағандығын, ол туралы қарт кісі қолдануды білмейтін электронды пошта арқылы хабарлағанын және қарызы көбейгендіктен үйін тартып алғысы келетіндігі туралы біледі.

Кейіпкерлердің рөлін сомдау үшін заманауи киносының мэтрлері – Морган Фриман, Майкл Кейн және Алан Аркин шақырылды. Олар өздеріне берілген рөлді өте керемет әрі шынайы ойнап шықты. Актерлердің ойынынан мін таба да алмайсың, тек «Жарайсың» дей отырып, қол шапалақтауға болады. Дәл осындай қошеметке ақыл-есі кем шалды ойнайтын Кристофер Ллойд және қанша жаста болса да еліктіруге болатынын дәлелдеген 60-жылдардың секс-символына айналған Энн-Маргрет те лайықты.

Зак Брафф фильмінің тағы бір өтімділігі - ізгі ниеттің көрсетілуі. Бұл қарттардың немерелерімен әңгімелесіп отырған кезде, ортақ көңіл-күй кезінде байқалады. Ешкім ешкімге қатты ашуланбайды, үлкен кісілер ақыл-есі кем достарына түсіністік танытады, тіпті қылмысқа барудың ізгі ниеттен туғандығын тілге тиек етеді.

Қуанышқа орай, көптеген әзіл-қалжыңдар трейлерге кірмеді, өйткені картинаның ең дәмді жері де сол. Қарттар барлық нәрседен ләззат алады, бір-біріне тек қуаныш қана сыйлауға тырысады, осылардың барлығы өмірдегі басты құндылықтар екендігі даусыз. Бір қарағанда өрескел болып көрінетін әзілдің кейіннен ешқандай жаман оймен айтылмағандығы белгілі болады.

Бір қызығы, жағымсыз кейіпкерлер – банк шонжарлары – кадр сыртында қалып қояды. Бір сәтте басшылықтың қитұрқы әрекетін хабарлайтын Дональд Векслер мырза пайда болады. Бірақ, екі кейіпкер де - үлкен бастықтардың тапсырмасын орындайтын барып-кел мен шауып-келдер. Бұл жерде қызықтыру мен ойландыру, жалпы, жақсы киноға қажеттінің барлығы да бар.

Әрине, сценарийдің қалыпты екендігі байқалады, дегенмен бұл шешуші рөл атқармайды. Негізігі ойы неткен керемет! Бар әлем жұмыс істеуге қауқарсыз адамдарға әрқашан қамқорлық танытуы тиіс. Өкінішке қарай, қазіргі таңда бұл туралы көп айтыла қоймайды. Фильм бұл тұрғыдан өз мақсатына жетті. Көрерменге осыны ұғындыруға тырысты.

«Уйти красиво» комедиясының кестесін Brod.kz кинотеатрының афишасынан көре аласыздар.

Киноға Альберт Ахметов барды

«Бродвей» редакциясы «Уйти красиво» фильмінің көрсетіліміне шақырғаны үшін Sulpak cinema компаниясы мен Bekmambetov cinema кинотеатрына алғыс айтады.

Оцените рецензию

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Болат Кисамбаев

17 тамыз 2017, 11:37

Старики-разбойники

Рекомендуем

Рецензии

18 Маусым, 2018

«Суперотбасы – 2»: Бірлік болмай, тірлік болмас

«Суперотбасы – 2» мультфильмі жайлы пікір 

BrodKaz

Рецензии

10 Қазан, 2018

«Қаржыгер. Шығу ойыны»: Санның сапаға айналуы

Коммерциялық  кино бағытында алға ілгерілеу айқын байқалады

Brod.kaz

Рецензии

6 Қазан, 2018

«Веномның» жаңа бейнесі

«Веном» фильміне пікір

Brod.kaz

Рецензии

13 Қыркүйек, 2019

«Қымбатты әке» фильміне пікір

Фильм кинотеатрда 12 қыркүйектен басталады

Brod.kz

Таныс бейне

Тимур Жақсылықов

Сценарист

Алексей Пантелеев

Актер