È

«Дәлізбен әрі қарай»: «Ымырт» продюсерлерінен тылсымға толы жаңа қорқынышты фильм

«Дәлізбен әрі қарай»: «Ымырт» продюсерлерінен тылсымға толы жаңа қорқынышты фильм

Lionsgate студиясы режиссер Родриго Кортестің («Қызыл алау», «Тірідей көмілген») «Дәлізбен әрі қарай» атты тылсымға толы қорқынышты фильмінің алғашқы трейлерін жарыққа шығарды. Бұл таспаның продюсерлері ретінде «Ымырт» аңызы арқылы танылған Стефани Майер мен Исаак Клауснер таңдалды. Фильмдегі оқиға белгілі жастар триллерінің авторы Лоис Дункан жазған жасөсіпірімдерге арналған аттас готикалық романына негізделген.

«Дәлізбен әрі қарайдағы» хикая жабық мектеп-интернат Блэквудтың айналасында өрбиді. Басты кейіпкерді, бұлыңғыр өткені бар жас қыз Кэтрин Гордиді (Анна-София Робб, «Кэрри күнделігі» хикаясы, «Мыстан тауы») құпия Блэквудке жібереді. Кэтри интернатқа келе салысымен, бірқилы директор Дюре ханыммен (Ума Турман, «Джек салған үй», «Адам Джонс бастық») ұшырасады.

Негізі, Кэтриннен басқа, Блэквудке оқуға және тәрбиеленуге төрт студент қыз жіберілген екен. Бұрын бұл жабық мектеп жанұясы өрттен қаза болған біртүрлі адамға тиесілі болған. Кэтрин жаңа құрбыларымен бірге ғимараттың шиеленіскен лабиринттерін зерттей бастайды да, интернаттың тылсым құпиясы барын анықтайды.

«Дәлізбен әрі қарайда» қорқынышты фильмі 2018 жылдың 17 тамызында айналымға шығады.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер