Lionsgate «Аналог» ғылыми-фантастикалық комиксінің экрандауын дайындауда
Режиссер Чад Стахелски («Джон Уик») және сценарист Райан Кондал («Рэмпейдж», «Колония» хикаясы) топ болып бірігуге дайын. Lionsgate студиясы авторлары жазушы Джерри Дагган және суретші Дэвид О'Салливан болып келетін «Аналог» ғылыми-фантастикалық комиксінің экрандауын дайындап жатыр. Өткен демалыста түрлі студиялардан осы жобаға қатысты өтініштер байқауы ұйымдастырылды. Lionsgate өзінің арсеналында Стахелски есімін пайдаланып, қиын жарыста жеңіске жетті.
«Аналогтағы» оқиға жақындағы болашақта өтеді. Ғаламтордың қауіпсіздігіне Үлкен Жарылысқа тән жаһандық коллапстан қауіп төніп тұр. Осы ақпараттық күйреуден «Бухгалтерлік Кітаптың Ерлері» атты адамдар пайда болды. Олар қаруды қолдана алатын, көптеген маңызды құпияларды білетін қуатты агенттерге айналады, бірақ іс-әрекеттері көненің көзіндей – барлығын қолдарына қыстырып қойған портфельдерде сақтайды.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін