«Рэмпейдж»: екінші дубляждалған трейлерінде Дуэйн Джонсон қайта оралады
Дуэйн Джонсон («Малибу құтқарушылары», «Джуманджи: Орман шақырады») New Line Cinema-ның «Рэмпейджге» арналған жаңа трейлерінде әлемді құтқару үшін қайта оралды. Бұл фильм 80-ші жылдардағы бейнеойынға негізделген және Солтүстік Американың барлық бөлігін жаулап алуға дайын үш құбыжықты көрсетеді. Джонсон ғана оларды тоқтатудың жалғыз үміті. «Барып әлемді құтқарып қайтайық», - дейді трейлерде Джонсон.
Роликте барлық достары бірлесе отырып, Джорж («Джейсон Лилз», «Өлім дәптері») есімді үлкен горилламен күреседі. Джонсонның кейіпкері Дэвис Окойе ол маймылды екі жасынан бері біледі. Бір күні Джорждың бойы мен салмағы өте тез өсіп, Кинг-Конгпен бірдей деңгейге жетеді және түрі қорқынышты болып кетеді.
Бұл маймыл генетикалық өңдеудің нәтижесі және одан басқа тағы 10 метрлік қасқыр мен Годзилла динозавры бар. Олардың барлығы ғаламшар үшін қауіп туғызады. Бір қызығы, «Рэмпейдж» Райан Инглдың («Әуе маршалы», «Жолаушы») түпнұсқа сценариі бойынша түсірілген, ал одан кейін Карлтон Кьюз («Тірі қалу»), Райан Кондал («Геракл») және Адам Щтикел («Аяқталмаған») жұмыс істеді.
Қазақстандағы ресми көрсетілімі 2018 жылдың 19 сәуірінде өтеді.






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін