È

Данияр Алшынов: Қазақстан киносын көрудің 5 себебі

Данияр Алшынов: Қазақстан киносын көрудің 5 себебі. Қазақстан киносы

«Аудандар», «Барлығы еркектердің кесірінен» және «Келін де адам баласы» фильмдерінде ойнаған актер Данияр Алшынов кинотеатрлардан Қазақстан фильмдерін неліктен көру керектігін және отандық киноға не үшін екі сағат болса да арнау қажеттілігінің негізгі 5 себебін айтып берді.

№1 себеп. Қазақстан киносы саннан сапаға қарай ауысып келе жатыр. Біреулер келіспеуі де мүмкін, бірақ бұл менің өз ойым. Біздің киномыз күннен-күнге жақсарып келеді. Статистика көрсетіп тұрғандай, жыл сайын жақсы туындылардың түр-түрі түсіріліп жатыр.

№2 себеп. Қазақстан киносы – партизан киносы. Ол Голливуд киноөндірісімен бәсекелесіп келеді. Ресеймен деп айтпай-ақ қояйын, себебі ол бізге қарсылас емес. Тек «Викинг», «Тартылыс» секілді көпбюджетті фильмдер ғана көрермендер үшін таласа алады. Бірақ, менің ойымша, Қазақстан киносы ресейлік комедияларды айналымнан ығыстырған секілді. Ал Голливудпен теңсіз жағдайда күресіп келеміз. Американдық фильмдерге кино айналымымен айналысатындар жеңілдіктер ұсынып тұрады. Оның үстіне, штаттарда нарық пен бюджет әлдеқайда көбірек. Қазақстандық кинематографистер аз ғана қаржыға және азғантай нарыққа жұмыс істеп жатыр.

Кинотеатрға барған соң көрсетілімнен қандай әсер алғаның маңызды. Жалпы, 10 мың долларға түсірілген картинадан көптеген эмоция алуға болады немесе 300 миллион долларға түсірілген фильмді көріп, көңілің түсіп кетуі мүмкін. Сондықтан, бар мәселе бюджетте емес шығар.

№3 себеп. Өз жейдең өзіңе ыстық. Қазақстан киносы – діліміз, біз жайында айтатын кино. Адамдар фильмдерден әрдайым өздерін көргісі келеді. Біз неге «Галактика сақшыларын» көреміз? Біздің жұлдыздарға қарап, аспанға саяхат жасағымыз келгендіктен болар деп ойласаңыз қателесесіз. Жоқ. бұл нәрсе 15 минуттан соң жалықтырып жібереді. Біз кейіпкерлер арасындағы қарым-қатынасты зерттей отырып, өз өмірімізді елестетеміз.

«Келін де адам баласы», «Тараз», «Аудандар» - барлығы біз туралы, біздің тарихымыз, мұндай картиналар түсірілуі тиіс. Егер сапалы болса, сол үшін ақша төлеуге дайынмын.

Неге бар әлем Нью-Йоркке барғысы келеді? Нью-Йорк – бұл үлкен қоқыс. Бірақ, барлығы сол жаққа бет бұрғысы келеді, себебі бұл қала Голливуд фильмдерінде жиі көрсетіледі. Шындығында, ол қала біз ойлағаннан да нашар. Сол сияқты, біз де өз елімізді, кейіпкерлерімізді, тарихымызды әспеттеуіміз қажет. Біз оларды фильмдер арқылы көрсетіп, көркемдік тәсілдер арқылы нағыз шынайылықты кино әлемі арқылы бейнелеуге тиіспіз.

№4 себеп. Қазақстан киноларына жиі баруымыз керек, себебі балаларымыз бен жастарымыз қазіргі замандағы отандық кейіпкерлерден үлгі алуы тиіс.

Бірақ, бұл отандық кинодағы басты мәселелердің бірі. Бірде Асқар Ұзабаев екеуіміз осы тақырыпты талқылаған едік, шынында заманымыздың нағыз батыры кім? Асқардың айтуынша, батыр америкалық киноларда әлемді құтқарып жүреді. Штаттағы көптеген фильмдер сол туралы түсірілген. Бұл ұлттық идея. Біздің кинода ол – ауылдан қалаға келген адам немесе бұзақы. Біздің кейіпкерлеріміз осындай. Басқа бір үлгі тұтарлық адамның болғанын қалар едім. Режиссерлардың осы тұрғыда ойланып, жақсы кино түсіреді деп сенемін. Себебі, киноны барлығы көреді және балалар үлгі алады ғой. «Аудандар» фильмінен соң маған бірнеше жастар мен ата-аналар хабарласқан еді. Олардың айтуынша, балалары мен інілері Арсен мен Рашидқа еліктеп, спортпен айналыса бастаған. Бұл керемет қой. Біз үлкен мемлекетте өмір сүреміз, бірақ өзіміз аз ғана халықпыз. Барлығымыз бір-бірімізге тікелей әсер етеміз. Сондықтан, үлкен экранға арнап туынды түсірген кезде миллион адамдардың көретінін, киноның барлығына әсер ететінін түсінуіміз керек. Жауапкершілікті сезіне білу қажет.

№5 себеп. Егер отандық киноны көрмесек, ол мүлдем жоқ болады. Егер сіз көрмесеңіз, басқа кім көреді? Кино өлетін болса, бар мәдениетіміз де жоғалады ғой. Сондықтан, отандық киноны көріп, қолдай отырып, өсуге мүмкіндік беруіміз шарт.

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Мырзахмет

25 желтоқсан 2017, 02:25

Поддерживаю, и говорю да, За одно вносит вклад, и снимается фильмах, пропагандируя отечество и национальный патриотизм.

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Әмір Қарақұлов

Режиссер

Бибігүл Ақтан (Сүйіншәлина)

Актриса