Саймон Кинбергтің ойынша, Sony Pictures достық қарым-қатынасқа өте ашық, сондықтан Өрмекші-адам мен тағы бір супер-кейіпкерді жаңа картинада біріктіруге мүмкіндік бар. Сондай-ақ продюсер Кевин Файгимен дос екенін, оны жақсы көретінін айта келіп. (Marvel Studio-ның бас жетекшісі) онымен бірге жобаны іске асыратынына үміттенетінін айтты. Алайда бұл ұсыныс әлі идея ғана, супер-кейіпкерлердің бір картинада не істейтіні белгісіз. Бір белгілісі, Тим мен Саймон «Дэдпул» сиквелінің түсіріліме дайындалып жатыр. Тим Миллер режиссерлықты өз қолына алса, ал сценарийін Пол Верник пен Ретт Риз жазбақ. Кинолентаның прокатқа қашан шығатыны әзірге құпия.