È

Дэнни Бойл Джеймс Бонд жайлы кезекті фильмнің режиссерлігіне қатысты ұсыныстан бас тарту ақымақтық екенін айтты

Дэнни Бойл Джеймс Бонд жайлы кезекті фильмнің режиссерлігіне қатысты ұсыныстан бас тарту ақымақтық екенін айтты

Дэнни Бойл Джеймс Бонд жайлы франшизаның есеп бойынша 25-ші фильмінің режиссерлігіне қатысты ұсыныстан бас тарту ақымақтық болатынын хабарлады.

«Біз қазіргі уақытта сценариймен айналысып жатырмыз. Барлығы осыған байланысты. Мен қазір Ричард Кёртистің («Болашақ бойфренд», «Адуынды жылқы») сценарийін қарастыру үстіндемін. Біз түсірілімге 6-7 аптадан кейін кірісеміз деп ойлаймыз. Сондықтан, Бонд жайлы кезекті фильмді жылдың соңында дейін аяқтағанымыз дұрыс болар еді», - деп хабарлады баспасөзге Бойл.

Одан бөлек, режиссер сценариймен үнемі өзімен бірге жұмыс істейтін Джон Ходж айналысатынын хабарлады. Бұдан бұрын, Бойл-Ходж жұбы көпшілікке танымал «Таяз қабір», «Инеде», «Жағажай» және «Үйреншікті емес өмір» фильмдерімен жұмыс істеген болатын.

«Біз Джон екеуіміз бір-бірімізді жақсы түсінеміз. Менде фильмге қатысты идея бар. Ходж қазіргі уақытта сценариймен жұмыс істеуде. Барлығы осы жұмыстың қаншалықты дамитынына байланысты. Қазір белгілі бір нұсқаға басымдық беру ақымақтық болар еді», - деді өзінің серіктесі жайлы Бойл.

Өткен айда Дэнни Бойлдың есімі кезекті «бондиананың» жұмысы ұсынылатын режиссерлер тізімінде алдыңғы қатарда тұрғаны хабарлағанған болатын. Дэниэль Крэйг 007 агентінің рөліне қайта оралмақ. «Бонд 25-тің» айналымға шығуға жоспарланған уақыты - 2019 жыл. Бойлдың соңғы жобаларының қатарына «Лашықтан шыққан миллионер», «127 сағат», «Стив Джобс» және «Т2 Трейнспоттинг (Инеде 2)» жатады.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Дастен Шәкіров

Актер

Құралай Анарбекова

Актриса