È

Дина Тасболатова өзіне ұнайтын азаматтар жайлы

Дина Тасболатова өзіне ұнайтын азаматтар жайлы

Отандық актриса Дина Тасболатова тұрмысқа шығуға асықпайды. Бойжеткен өзінің нәзік сезімдерін оятатын жанды күтіп жүр. Тұрмысқа шығу жайлы және өзіне қандай азаматтардың ұнайтынын Дина Tengrinews TV-дегі «The Эфир» бағдарламасында айтып берді.

«Маған сырт келбеті мен физикалық дене бітімі мүлдем маңызды емес. Адамның сыртқы тартымдылығы ішкі жан-дүниесінен бастау алады. Егер жігіт өз-өзіне сенімді, ақкөңіл әрі білімді болса, оның барлығы көзінен көрініп тұрады. Ал егер сыртқы келбеті әдемі, бірақ айтары жоқ болса, ол маған маған мүлдем қызықсыз. Маған адаммен әңгімелесу маңызды. Көзінде ұшқын болуы керек. Оның көп оқыған, интеллектуалды болуы міндетті емес. Бірден айтайын, маған толық ерлер ұнамайды. Адам өз-өзіне қарап, күтінуі тиіс. Әрине, оның ұқыпты болғаны жөн», - деді Дина Тасболатова.

Көптеген қыздар секілді, актрисаны да тұрмысқа шығу жайлы сұрақтар мезі еткен. Дегенмен, ол бұл тақырыпқа қатысты әңгімені туыстары мен ата-анасының астарлап қана жеткізетінін айтты.

«Мен күйеуге шығуға қарсы емеспін. Бірақ, тұрмысқа шығу керек екен деп, шыға салу да дұрыс емес. Сезімімді оятқан жанды жолықтырып, оның өз адамым екенін түсінген кезде, барлығы болады», - деп қоса кетті Дина.

Еске салсақ, соңғы жылдары актриса «Алтын Орда» және «А.Л.Ж.И.Р» ресейлік хикаяларына және «Питерден келген оралман», «Көрініс» пен «Саташ» отандық фильмдеріне түскен.

 

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Мырзахмет

6 апреля 2018, 00:42

Сейчас трудно, таких найти. Дина тебе придется немного ждать и верить.

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Игорь Бабичев

Актер

Максим Митрофанов

Актер

Джон О’Нил

Актер

Талас Бойченко

Актер

Сәбит Мұстафа

Актер