È

«Жоғарыдағылар, кездескенше»: Францияның былтырғы ең үздік фильмінің дубляждалған трейлері

«Жоғарыдағылар, кездескенше»: Францияның былтырғы ең үздік фильмінің дубляждалған трейлері

Француз режиссері Альбер Дюпонтельдің («Қатаң тәртіптегі 9 ай», «Көлемді сауық кеші») «Жоғарыдағылар, кездескенше» драмалық комедиясы 2017 жыл қорытындысы бойынша Францияның «Люмьер» атты бас жүлдесінде үздік фильм, үздік сценарий және оператордың үздік жұмысы сынды үш номинацияға ұсынылған. Дюпонтель жұмысы - 2013 жылы беделді Гонкуров жүлдесіне ие болған Пьер Леметрдің аттас романының экрандауы, картина Франция батырларының Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі өмірін кинематография тұрғысынан керемет баяндайды.

«Жоғарыдағылар, кездескенше» сюжеті Франция батыр есебінде таныған адамдардың соғыстан кейінгі өмірін бейнелейді. Өздеріңіз талдап көріңіздер. 1918 жылдың қарашасында соғыстың аяқталуына бірнеше күн қалғанда Эдуар Перикур (Науэль Перес Бискаярт, «Минутына 120 соққы») Альбер Мэйллардтың (Альбер Дюпонтель) өмірін құтқарып қалады. Екі ер азаматтың мәңгіге байланыстырған соғыстан басқа ортақ дүниесі жоқ. Лейтенант Прэделл (Лоран Лафитт, «Французша ажырасу») мағынасыз шабуыл ұйымдастырады, олардың өмірін ойрандап, бақытсыздықта жолықтырады да, достастырады.

Бірінші дүниежүзілік соғыс аяқталған соң Перикур мен Мэйллард қалай да аман қалуға тырысады. Осы уақытта Прэделл соғыс құрбандары мен олардың табыттарының арқасында байлыққа ие болуға ұмтылады. Альбер және Эдуар кек алуды ұйғарады. Кейіпкерлердің ерекшелігі мен әрекеттері – трейлердің де, тұсаукесердің де басты тұсы.

«Жоғарыдағылар, кездескенше» фильмінің Қазақстандағы тұсаукесері 8 наурызға жоспарланып отыр.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Асылхан Төлепов

Актер

Төлеубек Аралбай

Актер