È

«Французша ажырасу»: Ажырасу... балалармен де

«Французша ажырасу» фильмі туралы пікір

3 миллионнан астам француздар көрген «Әкем немесе анам» («Любви вразнос», «Papa ou maman») фильмінің 2015 жылғы табысынан кейін, Мартин Бурбулон аталмыш таспаның басты кейіпкерлері Флоранс пен Венсанның қарым-қатынасына нүкте қою әлі ерте деп шешкен сыңайлы. Өткен жылы экранға фильмнің жалғасы «Papa ou maman 2» немесе «Французша ажырасу» («Развод по-французски») картиналары шыққан болатын. Сиквелімен бұрынғы режиссер мен сценаристер және басты рөлдерді сомдаушылардан құралған шығармашылық топ жұмыс істеді. Қайталауды ұнатпайтын басты әйел рөлін сомдаушы Марина Фоистың («Бодибилдер», «Полисс») перфекционизмі осы сықақты комедияға екінші тыныс беріп, тұрмыстық мән-мағына сыйлағандай болды. Сөзсіз, «Французша ажырасу» - бұрынғы ерлі-зайыптылар мен жаңа серіктердің, сондай-ақ, ажырасса да, араласып жүре беретін адамдардың арасындағы қарым-қатынас тақырыбына құрылған жарқын диалогты бірінші қатарға қоятын комедия.

Ақыры ажырасып тынған Венсан (Лоран Лафитт, «Она», «Күндер көбігі») мен Флоранс «Французша ажырасу» фильмінде жақсы қарым-қатынаста болуға тырысады. Олар қандай жағдай болмасын, ортақ келісімге келіп үйренген немесе үйренген сияқты. Көрші ретінде бөлек тұрып, ажырасқан соң өзара қарым-қатынастарын жаңадан бастайды. Сонымен қатар, жаңа махаббаттарымен де, төрт баласымен де жылы қарым-қатынас орнатуға тырысады. Бұрынғы ерлі-зайыптылар өткені мен болашағына қатысты жәйттарға, өмірлеріне енген жаңа кейіпкерлерге үйрене бастайды. Күлкілі көріністер арсыздық негізімен сабақтасып жатады. Бенедикт (Сара Жиродо, «Розали Блюм», «Сұлу ару мен құбыжық») пен Эдуард (Джонатан Коэн, «Барлық аурулардың емі - махаббат», «Бір ғана кездесу») та эмоциялы түрде бір-біріне жақын осы екі адамның бітіспес дауына ілікті.

Режиссер Бурбулон кез-келген соққыны көтере алатын ақкөңіл Флоранс пен ұсақ-түйекке мән беретін Венсанды кадрда ылғи бақталастырып қояды екен. Оның үстіне, «Французша ажырасудың» ырғағы еуропалықтан гөрі, америкалық бағытқа жақын. Мұнда көрермендердің зерігуіне жол берілмейді. Дегенмен, екі жақтың тарапынан болған келісімдер фильм соңында олардың қосылатындығынан хабар береді. Аталмыш таспаның сценаристері Матьё Делапорт пен Александр де Ла Пательерге тиісті сыйлығын беру керек. Өйткені, олар бұрынғы ерлі-зайыптылардың Эдуардқа, Флоранстың жаңа ғашығына деген қарым-қатынасына жаңа леп бергендей болды. Оның үстіне, таспада интимді көріністер де жоқ емес. Олар гротескілік немесе мысқылды-желікпе бағытта ұсынылып, барлық өткір мәселелер актерлар мен сценаристердің тарапынан тегістеліп көрсетілген. Бұл фильмде кейіпкерлердің ерекше ақылдылығын паш ететін диалогтар қызықты шыққан.

«Французша ажырасу» фильмінің кемшілігіне келер болсақ, комедия осал түрде берілген секілді. Себебі, фильмдегі күлкілі көріністер аса әсерлі шықпаған. Негізі, фильм соңында біртүрлі көріністер көрсетіледі. Ажырасқаннан кейін қайта қосылатын бұрынғы ерлі-зайыптылардың рөліндегі Марина Фоис пен Лоран Лафитт экран арқылы бір-бірін бұрыннан білетін адамдарды елестетеді. Басты кейіпкерлердің қарым-қатынасына екінші рет мүмкіндік беру арқылы болашақта «Papa ou maman» фильмінің үшінші бөлімінің шығатынын білгендей боламыз. Фильм авторлары өмірде түрлі жағдайдың болатындығына көрермендерді сендіріп, адамдардың есейген сайын аздап өзгеретіндігін көрсетеді. Бір ғана нәрсе шүбәсіз –бір жарым сағатқа созылатын «Французша ажырасу» таспасы соңғы уақытта шыққан француз комедияларынан ерекшеленеді. Сондықтан, ол көрермен назарына әбден лайықты.

«Французша ажырасу» комедиясының өзіңізге ыңғайлы кестесін кинотеатрлар афишасынан таңдай аласыздар.

 

Киноға Сергей Бутаков барды

«Французша ажырасу» фильмінің көрсетіліміне шақырғаны үшін «Меломан» холдингіне және StarCinema (ТРЦ MEGA Alma-Ata) 3D кинотеатрына алғыс білдіреміз.

 

Оцените рецензию

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Рецензии

18 Маусым, 2018

«Суперотбасы – 2»: Бірлік болмай, тірлік болмас

«Суперотбасы – 2» мультфильмі жайлы пікір 

BrodKaz

Рецензии

10 Қазан, 2018

«Қаржыгер. Шығу ойыны»: Санның сапаға айналуы

Коммерциялық  кино бағытында алға ілгерілеу айқын байқалады

Brod.kaz

Рецензии

6 Қазан, 2018

«Веномның» жаңа бейнесі

«Веном» фильміне пікір

Brod.kaz

Рецензии

13 Қыркүйек, 2019

«Қымбатты әке» фильміне пікір

Фильм кинотеатрда 12 қыркүйектен басталады

Brod.kz

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер