«Лендок» Ресейдің ең эпатажды музыканты туралы деректі фильмнің түсірілімін 2018 жылы бастауды жоспарлап отыр. Сергей Шнуровтың өзі фильмді түсіруге келісімін берген. Деректі фильм джаз әншісі Эми Уайнхаус жайлы «Эми» фильмінің қағидасы бойынша түсрілімек. Картинаның концепциясын құруда студия басшылығы аталған фильмді жетекшілікке алады. Қазір сценарлық жұмыс барысы жүріп жатыр, ал түсірілім жұмыстары келесі жылы басталады. Кинолентаның нақты атауы әзірге белгісіз.