«Довлатов»: Берлин кинофестиваліне қатысушы фильмнен алғашқы трейлер
Алексей Германның «Довлатов» фильмінің әлемдік көрсетілімі ақпан айында 68-ші Халықаралық Берлин кинофестивалінің бағдарламасы аясында өтеді. Фильмге түскендер: Милан Марич, Данила Козловский, Елена Лядова, Светлана Ходченкова, Антон Шагин, Артур Бесчастный.
Қысқаша мазмұны төмендегідей: Ленинградта досының, болашақ Нобель сыйлығының лауреаты Иосиф Бродскийдің көшіп-қонуы қарсаңында 70-ші жылдардың басында жазушы Сергей Довлатовтың өмірінің бірнеше күнін бейнелейтін фильм. Бұл - парадоксты және күлкілі жағдайлар туралы картина. Қысмыстық қақтығысулар, Ленинградтың әдеби өмірі, «Леньфильм» киностудиясы, музыка, өлең оқу, журналист шеберлігі, өзінің қызына еш жерден табылмайтын қуыршақ алып беруді қалау.
Фильмнен өмірінің түрлі соқпақтарында кейде күлкілі, кейде мұңды өмір кешкен, нәзік, жарқын шығармашылық жолды таңдап, ХХ ғасырдың ең танымал орыс жазушыларының біріне айналған жанның тағдыры жайлы білеміз.
Үш жыл бұрын Алексей Герман Берлинале конкурсының «Алтын аю» аталымына «Электрлі бұлт астында» таспасымен қатысқан болатын.
«Довлатов» өмірбаяндық драмасы 2018 жылдың 1 наурызынан бастап көрсетілімге шығады.
Фильмнің Қазақстандағы ресми таратушысы - Meloman Entertainment компаниясы.






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін