È

Аптадағы тұсаукесерлер: Жүгірушілер

5 қазаннан басталған тұсаукесерлер

Осы апта кинотұсаукесерлерге толы екен. Қазақстандықтарға Дени Вильнёвтің «Жүзбен жүгіруші 2049» фильмі, онша адал емес арнайы агенттер туралы баяндайтын «Құтырғандар» атыс-шабыс фильмі және сыныптастардың көптен күткен кездесуін баяндайтын «Өмір алда» ресейлік комедиясы ұсынылды.


«Жүзбен жүгіруші 2049»

Қазақстандағы тұсаукесер: 05.10.2017

Мемлекеттері: Ұлыбритания, Канада, АҚШ, 2017

Режиссері: Дени Вильнёв

Рөлдерде: Райан Гослинг, Дэйв Батиста, Робин Райт, Вильма Сечи, Вуд Харрис

Жанры: фантастика, триллер

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Болашақ. Адамдар қиын жұмыс істеу үшін көшірмелерді жасап шығарды. Кей есімді белгісіз офицер құпия ақпаратты ашып қояды: адамдар әулетіне қауіп төніп тұр. Зұлымдықтан құтқара алатын жалғыз жан – бұрынғы агент Рик Декард. Алайда, ер азамат көп жыл бұрын із-түзсіз жоғалып кеткен.

«Құтырғандар»

Қазақстандағы тұсаукесер: 05.10.2017

Мемлекеттері: Германия, Франция 2017

Режиссері: Стивен Куэйл

Рөлдерде: Юэн Бремнер, Сильвия Хукс, Чарли Бьюли, Салливан Степлтон

Жанры: атыс-шабыс фильмі, триллер

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

АҚШ-тың «Теңіз мысықтары» атты спецназы Боснияда бір тапсырманы орындап жүріп, 300 миллион доллар тұратын қазына тауып алады. Бес агент антты бұзып сол байлыққа қол жеткізуді ойлайды. Бірақ, қазына су түбінде орналасқан, ал топқа операцияны орындауға 10 сағат уақыт берілген.

 

«Сұмдықтарымның үйі»

Қазақстандағы тұсаукесер: 05.10.2017

Мемлекеті: АҚШ, 2017

Режиссері: Джеймс Каллен Брэссак

Рөлдерде: Стефани Эстес, Зак Уорд, Том Грин, Анна Харр, Леон Рассом

Жанры: қорқынышты фильм

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Клэр анасы қайтыс болғаннан кейін өзінің ескі үйіне көшіп келеді. Кейіпкер өткен өмірін есіне алады. Әйел күн сайын балалық шағында біртүрлі оқиғаның болғандығын түсіне бастайды, сол сұмдық осы үйдің қабырғасында қалып қойған сияқты. Бір тылсым күштің Клэрмен байланысқысы келетіндей...

«Өмір алда»

Қазақстандағы тұсаукесер: 05.10.2017

Мемлекеті: Ресей, 2017

Режиссері: Карен Оганесян

Рөлдерде: Светлана Ходченкова, Александр Паль, Павел Прилучный, Денис Шведов

Жанры: комедия

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Сыныптастар кездесуі – ұмытылмас әсер сыйлайтын керемет оқиға. Бірақ, 15 жылдан кейін кездесейін деп жатқан 11 «Б» үшін емес-ау. Өткен өкпелер, алғашқы махаббат және құпиялар достық отырысты қызуқанды кешке айналдырып жібереді.

 

«Арамызда таулар бар»

Қазақстандағы тұсаукесер: 05.10.2017

Мемлекеті: АҚШ, 2017

Режиссері: Хани Абу-Ассад

Рөлдерде: Идрис Эльба, Кейт Уинслет, Бо Бриджес, Винсент Гэйл

Жанры: триллер, драма, шытырман

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Бен мен Алекс әуе апаты салдарынан таулардың арасында қалып қояды. Оларды жаһандық өмірден мыңдаған шақырым мен қар көшкіні бөліп тұр. Кейіпкерлер көмек күтуден жалыққан соң, өздері әрекет ете бастайды. Бір-бірін танымайтын адамдар қауіпті саяхатқа аттанады.

«Борг/Макинрой»

Қазақстандағы тұсаукесер: 05.10.2017

Мемлекеттері: Швеция, Дания, Финляндия, 2017

Режиссері: Янус Мец Педерсен

Рөлдерде: Стеллан Скарсгард, Шайа ЛаБаф, Робертс Эммс, Джейн Перри

Жанрлары: драма, өмірбаян, спорт

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

1980 жыл. Уимблдон кубогының финалы. Шведтік Бьорн Борг пен американдық Джон Макинрой теннис тарихындағы әсерлі ойынды көрсетеді. Қос кейіпкер мүлдем екі түрлі: Борг салмақты әрі сабырлы, Макинрой жігерлі әрі күйгелек. Бірақ, екеуі де жеңіске жетуге құмар.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Тимур Жақсылықов

Сценарист

Алексей Пантелеев

Актер