Францияда Кристофер Ноланның «Динамо» операциясы жайлы жаңа фильмі түсірілуде. екінші дүниежүзілік соғыс кезінде неміс әскері Мажино сызығымен басып кіріп, Голландияны тізе бүктірген кезде үш жүз мыңнан астам британдық және одақтық әскер дюнкерек қаласында басып алынды. Сол кезде ағылшын әскерін басқарған лорд Джон Горт солдаттарды теңіз арқылы Британ аралсына эвакуация жасауды ұсынған болатын. Нәтижесінде немістер тарапынан жасалған қарқынды шабуылдарына қарамастан операция сәтті аяқталды, Осы оқиға жайлы Кристофер Нолан өзінің сценарийі бойынша Дюнкерк қаласында фильм түсірді. Картина әскери драма жанрына жатады. дегенмен түсіру тобының құрамында оператор Хойте Ван Хойтем бар. Ол «Интерстеллар» арқылы көпшілікке таныс. Сондықтан соғыс көріністері де өте масштабты болатыны анық. Басты рөлдерде: Том Харди, Фьен Уайтхэд, Киллиан Мерфи және басқалар. Тұсаукесер келесі жылға жоспарланған.