Джеймс Франко Стивен Кингтің «Пьяные феерверки» кітабының желісі бойынша түсірілетін фильмде алғашқы рөлді алды. Актер аталған фильмнің режиссеры болуы да мүмкін, өйткені қоюшының орны әзірге бос. Сценар жұмыстарымен Мэтт Рэйджер, ал өндірісімен Rubicon Entertaiment и Rabbit Bandini Productions студиясы айналысады. Түсірілім уақыты мен картинаның жарыққа шығатын уақыты әзірге нақты белгісіз. Сюжетте Мэн штатында тұратын автомеханик туралы, ол отшашу шығарумен айналысатын жергілкті мафиоз басшысымен қақтығысады.
Джеймс Франко бұған дейін Кингтің «11.22.63» кітабынің желісі бойынша түсірілген Дж. Джей Абрамстің мини-сериалында президент Кеннедиді құтқару үшін өткен тарихқа қайта оралуы тиіс әдебиет пәнінің мұғалімінің рөлін ойнаған болатын.