Джеки Чан мен Пирс Броснан «Шетелдік» жаңа фильмінде
Атыс-шабыс фильмдерінің негізгі бейнесіне айналған Джеки Чан бұл жолы драмалық рөлді сомдады. Актер Мартин Кэмпбеллдің «Шетелдік» атты жаңа фильміне түсті. Картинада вьетнам соғысының ардагері Нгуене Нго Мин туралы баяндалады. Басты кейіпкер өмірінде талай қиындықты басынан өткереді. Дегенмен, Лондонда тұрақтап, жағдайын жөндеп алып, мейрамхана ашып, отбасын құрады. Бірақ, әдемі жары мен қызы кенеттен Ирланд республикалық әскері ұйымдастырған терактта қайтыс болып кетеді. Нгуен Нго Мин аяусыз түрде кек қайтаруға тырысады.
Фильм тұсаукесері 9 қарашада болмақ.
1 пікір
Пікір қалдыру үшін
Мырзахмет
24 шілде 2017, 13:16В любом случае это легенда, как и Брюс Ли. Он мой любимый актер. Его все фильмы, как его жизнь для меня.