«Пассажиры» фильмінің тұсаукесеріне келген актриса Лоуренстің саусағындағы жүзікті көрген кейбір БАҚ өкілдері мұны актрисаның Даррен Аронофскиге тұрмысқа шығуға сөз байланысқанының белгісі деп қабылдаған көрінеді. Өйткені жақында жұптардың кездесетіні жайлы сыбыстың шын екені белгіллі болған еді. Тіпті «Пассажиры» фильміндегі Дженнифердің серігі Крис Праттың өзі актриса секілді көпшіліктің назарын өзіне аударта алмады. Сәнді шолушылар тұсауесерлік кешке кіп келген Лоуренстің көйлегін де, саусағындағы жүзікті де назардан тыс қалдырған жоқ. Желіде бірден Аронофски мен Лоуренстің сөз байласқаны туралы сыбыс тарады, о алайда әзірге нақты дәлел жоқ.