È

Дженнифер Лоуренс «Қызыл торғай» үшін түсірілген эротикалық көріністер туралы айтып берді

Дженнифер Лоуренс «Қызыл торғай» үшін түсірілген эротикалық көріністер туралы айтып берді

Дженнифер Лоуренс «Қызыл торғай» тыңшылық атыс-шабыс фильміндегі эротикалық түсірілім кезіндегі сезімдері мен уайымын айтып берді. Өткен дүйсенбіде Нью-Йорктегі тұсаукесерде актриса жаңа қиын рөлдің 2014 жылғы хакерлер шабуылы салдарынан көпшілікке суреттері тарап кеткенде туындаған күйзелісінен арылуға көмектескенін мәлімдеді.

«Басымнан өткен жағдайдан соң, ашық-шашық көріністер түсірілім кезінде өзімді жайсыз сезінетін болдым. Өзіме мыңдаған көздердің қарап тұрғанын сезінетінмін, сондықтан үнемі: «Менің шешімім қалған өміріме қаншалықты әсер етеді?» деп күмәнданатын едім. Бұл фильм менің жағдайымды өзгертті, оның қалай болғанын өзім де байқамай қалдым. Ол санама жеткенше, солай болды. Мен бұрын айналыспаған істер: шетелдік акцент пен би арқылы өз-өзімді қамшыладым. Өзімнің жаңа қырымды ашқандай болдым», - деді Дженнифер Лоуренс тұсаукесерде.

Сондай-ақ, Лоуренс құмарға толы, үлкен сексуалды күші бар фильмге түсуге ойша дайын болғанын хабарлады, себебі режиссер Фрэнсис Лоуренс ашық көріністердің болатынын алдын-ала ескерткен: «Біз ол туралы ашық сөйлестік, ол маған дәл түсірілім күні шешінуім тиіс екенін айтты, сондықтан ешқандай мәселе туындамауы керек болды. Мен не болып жатқанын жақсы білдім. Сонымен қатар, режиссер маған тапсырма беру үшін жақындап келді де, маған үстімде киім бардай қарады. Кейін кез-келген жағдайда, түсірілімде өзімді киіммен жүргендей елестеттім. Менің айналамда нағыз кәсіби мамандар жүрді».

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Құралай Анарбекова

Актриса

Нұрлан Әлімжанов

Актер